Бірыңғай жиынтық төлем
блог
2018 жылғы 14 - қарашада ҚазАқпараттың xабарлауы бойынша елімізде жаңа заң жобасы қабылданды.Бұл жоба экс президентіміздің өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың қызметін формализациялау және әлеуметтік қамсыздандыру жүйелеріне қатысуын қамтамасыз ету мақсатында әзірлеген заң талаптары еді. Өзгерістер мен толықтырулар 3 - кодекс пен 6 заңға енгізіледі. «Заң жобасының негізгі жаңалығы бейресми жұмыспен қамтылғандардың қызметін 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап салық органдарында тіркеудің жеңілдетілген тәртібін көздейтін жаңа құқықтық режімді, яғни Бірыңғай жиынтық төлемді (БЖТ) енгізу болып табылады. Республика экономикасында « жалпы жұмыспен қамтылғандардың 16 пайызы (1 млн 376 мың адам) бейресми болып табылса,оның ішінде 800 мыңға жуық жалдамалы жұмыскер еңбек шартынсыз жұмыс істейді және 588 мың адам өзін-өзі жұмыспен қамтығандар», - деп тоқталды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова. Аталған төлемнің негізгі мақсаты - өзін-өзі жұмыспен қамтып жүрген азаматтарды, яғни «көлеңкеде жүрген жұмысшыларды» заңдастыру. Негізіген бұл бастаманы кезінде экс-министр Тамара Дүйсенова да көтерген еді. Алайда оны іс жүзінде енгізу міндеті Әбілқасымова ханымға бұйырды.Әрине, бірыңғай жиынтық төлемін енгізу үшін алдымен халыққа оның тиімділігін жан-жақты түсіндіру қажет болатын.Ашығын айту керек, әзірше халық арасында жаңа бастаманы қолдаудан бұрын қарсылық басым болып тұр. Оны сайтта, порталдарда шыққан материалдардың соңындағы пікірлерден анық байқауға болады. Алайда бұл заң жобасы қолданысқа енді. Оған басты себеп - өз бетімен табыс тауып жүрген азаматтардың жарналары медициналық қорға түспеуі. Жарна түспегеннен кейін кейбір медициналық қызметтер үшін департаменттің шығындалуға тура келеді екен. Енді, мынаны қараңыз, жарнаны төлейтін азаматтар барлық медициналық қызметтерді тегін алады. Олардың шығындары медициналық қордың есебінен өтеледі. Ал жарнасы жоқ азаматтар, яғни өзін-өзі жұмыспен қамтып жүргендер ақша шығаратын болады. Міне, дәл осы жерде әлеуметтік әділетсіздік мәселесі туындайды. Біреулер басқалармен бірдей медициналық қызметті талап етеді. Бірақ жарна аудармайды. Кейбіреулер , жарнаны аударып отырса да, басқалардың ешбір жарнасыз тегін медициналық қызметті талап еткеніне қарсы болады. Осылайша, халық арасында наразылық туындауы мүмкін. Дәл осыған байланысты да бірыңғай жиынтық төлемі енгізу бастамасы көтерілген болатын. Өзін-өзі жұмыспен қамтып жүрген азаматтар бір төлеммен төрт бірдей жарнаны жасай алады. Былайша айтқанда, өзін-өзі жұмыспен қамтып жүрген азаматтар бір төлемді жасап, медициналық және әлеуметтік сақтандыру, сондай-ақ, зейнетақы жүйесіне қатысатын болады. Кәсіптері де тіркеуге алынады. Алайда барлығы бірдей жеңілдетілген салық жүйесіне қатыса алмайды. ҚР Еңбек және xалықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымованың айтуынша, бірыңғай жиынтық төлемі ең бірінші жеке тұлғаларға қызмет көрсететін басқа жеке тұлғаларға, қосалқы шаруашылыққа, үй жұмыскерлеріне, сауда нысандарында арнайы орындары жоқ жеке тұлғаларға арналып отыр. Сондай-ақ, бұл төлемнің жалдамалы жұмыс күшін қолданбайтындарға да қатысы бар. Мемлекеттік органдар бірыңғай төлемнің мөлшерін де есептеп шығарды. Жоспарға сәйкес, қала тұрғындары үшін айына бір айлық есептік көрсеткіш (2 405 теңге), ал ауыл тұрғындары үшін 0,3 айлық есептік көрсеткіш (800 теңге) болады. Бірыңғай жиынтық төлемінің 10 проценті жеке табыс салығына, 40 проценті міндетті зейнетақы жинақтау шотына, 10 проценті мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына, қалған 40 проценті медициналық сақтандыру жарнасы ретінде жіберіледі. Бірыңғай жиынтық төлемі алдымен банктер мен терминалдар арқылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының есепшотына аударылады. Мемлекеттік корпорация одан ары тиісті қорларға өзі бөледі. БЖТ жеке тұлғаның тіркеу орны бойынша төленеді. Салық кезеңі - бір ай уақытта жүзеге асырылады.