«Алматы арнасынан» не бағдарлама екенін, жүргізушісі кім екенін білмеймін, ойда-жоқта Жолаушы Тұрдықұлов жайлы сюжетті көзім шалып қалғаны... Жолаушы ағаны сырттай білемін. Домбыра жасаушы шебер әрі жерлесім. «Ұлт өнерінің өресін (?) өрге сүйреген...» деген кадр сыртындағы дауысты құлағым шалғаны сол... Ары қарай не айтылып, не көрсетілгенін аңғармадым... Жолаушы ағамның ұлт өнерінің дамуына өз үлесін қосып жүргендердің бірі екенін біле-е-е-е-ем, ал ұлт өнерінің де «өресі» болатынын білмеппін...
Айтқандай, жақында бір әншінің сұхбатын оқыдым. «Сізге қарасақ, көз де, көңіл де тоятын... Жаурыныңыз тоқпақтай (?), жұдырығыңыз қақпақтай (?) еді...» депті журналист... Сол-ақ екен көз алдыма әлгі әнші елестеді... «Мүгедек болып қалған ба» (астапыралла, құдай өзі сақтасын) деген ой жыландай жорғалап «жеткені» сол, тұла бойым мұздап кетті. Өйтпей ше? Көз алдына анандай жұдырық пен анадай жауырын елестеген кез келген адам сондай күй кешеді ғой... Бірақ мына заманда ештеңеге таңғалуға болмайды...
Айтпақшы, жақында ол әншіні көрдім. Қорқынышты емес екен...)))))))))
https://xo.ucoz.ru/photo/56-0-212