Біртүрлі....
жеке
блог
блог
Сен сұлу-
Суретші салатын мүсіндей.
Сұлу Cен -
Шындыққа айналған түсімдей.
Екеуміз тілдескен түндер-ай,
Түсініп.... Түсінбей.
Жыр тұнды…
Дәл сенің тұп тұнық көзіңдей.
Біртүрлі…
Ұғынып болмайтын сезімдей.
Екеуміз бір кешкен күндер-ай,
Жақындап бара алмай,
Тіпті де безінбей.
Әттең-ай!!!
Жататын түйіндер шешілмей.
Сәттер-ай…
Ауысып кететін есім кей.
Екеуміз өкпе артып жүретін кездер-ай,
Кешіріп... Кешірмей.
Әлде Сен...
Теңізбе ең телегей?
Хал кешем...
Желкені жыртылған кемедей.
Ай,Сенің тәкапар мінезің
Ақынды кейде елеп.... Елемей.
Өмір-ай!!!
Өтетін өзендей тосылмай.
Көңіл-ай!!!
Кедейдің қараша қосындай.
Екеуміз өкініп жүрмейік
Қосылып... Қосылмай.