Бірінші пост. Бір жазда бір деңгейге көтерілу

Сәлеметсіздер ме, құрметті менің оқырмандарым. 

Бүгін мен massaget.kz сайтында блог жазуға алғашқы қадам жасадым. Өзімді таныстырып өтейін, менің лақап атым Қарапайым Ханшайым. Мен еліміздегі үздік мектептердің бірінде оқимын. Блогты анонимды түрде жүргізуді дұрыс деп шештім. Атап өтетін жайт, бұл блогта тек атым ғана өтірік. Мен осы блогта сіздермен өз сезімдерім және өзімді мазалап жүрген ойлармен бөлісіп отыратын боламын. 

Мен қарапайым жасөспірім қызбын. Қарапайым отбасынан шыққан. Мектепте оқимын. Осы жазғы демалысты босқа өткізіп алмауға тырысып едім (тым қатты ьтырыстым дей алмаймын..), көзді ашып-жұмғанша көптен күткен карантиндегі демалысымыздың жартысына жуық уақыт өтіп кетіпті ғой!

Ал енді қалған жартысын қалай тиімді пайдаланып, басқа құрдастарымнан қалай озып кетудің амалын іздеп отырмын.. Маған келесі оқу жылында қай дағдыларымды дамыту керек? Менің осал жағым қайсысы? /// Менің арманым болашақта дәрігер болу. Шетелдегі үздік жоғары оқу орынын тәмамдағым келеді. Қазір бұл тек арман емес, мақсатқа айналды. Сондықтан менің қазіргі жазатын мақсаттарым осыған жақын болуы керек. Яғни, келесі оқу жылында биология, химия деген пәндерге ерекше зейін қойып оқуым керек болады. Мүмкін ғылыми жобаларға, олимпиадаларға қатысу керек болатын шығар. Қысқасы, қолымнан келгенше сіздерге өзімде бар ақпаратпен бөлісіп отыруға тырысамын. 

Ал енді көп созбай жазғы каникулдың тақырыбына оралайық:

1. Мен келесі жылы ең үздік оқушылардың бірі болғым келеді, сондықтан жазға берілген тапсырманы, оқитын кітаптарды толығымен орындап шығуым керек.

2. Мен сымбатты болғым да келеді (бірақ дене бітімім жаман емес), сондықтан күн сайын дене жаттығуларын жасаймын.

3. Мен өмірлік ұстанымымды өзгерткім келеді: минимализм. Минималист болу өте керемет деп ойлаймын, себебі заттарға деген қызығушылық, дүниеқорлық, көрсеқызарлық секілді жаман әдеттерден аулақ болып, қарапайым болуды үйренесің. Оның үстіне қаражат та үнемделеді.

4. Тілдер. Қазақ, ағылшын, орыс тілін жетік білуім керек. Оның үстіне тағы қосымша тілдерді үйрену үстіндемін. Көп тіл білген керемет емес пе, қазір интернет бар, ресурстар бар, уақыт бар, осындай керемет мүмкіндік туып тұрған кезде неге бір тілді үйреніп алмасқа.. Әрине бұл осылай оңай айта салатын нәрсе емес, алайда мен эксперимент жасағанды ұнаматын, сондықтан тәуекелге бел буып ештеңеге қарамастан бастап кетсек қалай болады?)

Қазірге осы жетеді деп ойлаймын, себебі тым ұзақ жазып кетсем (онсыз да ұзақ болып кетті) оқырмандарыма қызықсыз болып қалар. Келесі постқа дейін, кездескенше! Аман-сау болыңыздар!

instagram: @q_hansha



Бөлісу: