Қазақ халқының басына қара бұлт үиірілгенде , қар бұлттың арасыннан күн шуағы болып, қараңғылықтан құтқара алған бірден бейресми басылым - “Бірлік туы” . Елде болып жатқан ахуалдан хабар беріп халық жадын кеңейткен бұл газет , ауыл шаруашылығы ,экономика мен саясаттан кем де қалмаған. «Бірлік туы» газетінің бірден бір ерекшелігі халықты бірлікке шақырып, бірлікті ту етуі. Бұл газеттегі көптеген мақалалар адамдарға деген үндеу ретінде, ашаршылық кезінде жұртты жұмылуға шақырып, ащы шындықты жайып салып отырған.
«Бірлік туы» газеті жайлы толық ақпарат болмағанымен, газет туралы аздаған деректер беретін еңбектер бар. С. Сейфуллиннің «Тар жол тайғақ кешу» романынада «Бірлік туы» туралы қысқа мәлімет беріледі. Онда: «Түркістан алашшыл оқығандары Ташкентте «Бірлік туы»деген газет шығарып, «Алашты»ұран қылып, советті сөгіп тұрды»/4/,- деп жазылған. Осы жерде автор «Бірлік туы», «Жас азамат», «Үш жүз», «Тіршілік» газеттерінің керекті нөмірлерінің қолына түспегендігін тілге тиек етеді. «Әлеумет тархына қарағанда, 1917-1918 жылғы саяси күрестің зор майданындай ұлы дүбірлерде оқыған адамдардың бәрі де сол заманда шығып тұрған газет, журналдардың айналасына жиналмақ. Егерде әлеумет қатысқандар маңайындағы газет, журналдардың бағытына риза болмаса, өздері бөлек газет, журнал шығарып, майданға шықпақ», -деген С.Сейфуллиннің сөзін тарихи фактке сүйене жазғаны анық.
«Қазақ» газетінің 1917 жылғы 236- санында жарияланған. Онда: «Бірлік туы» атты қазақ газетінің 1 һәм 2 нөмірлері басқармамызға келді. Шығарушысы: Мұстафа Шоқай баласы. Газет жетісіне бір рет шығады. Жылдық хақы 5 сом, жарты жылдағы 3 сом, үш айлығы 1 сом 70 тиын. Баспасөздің ең керек уақытында көтерілген «Бірлік туына» құтты болсын айтамыз. «Бірлік туы» алаш ұранына жала жапқан марқұм «Алаш» газетіндей болмай, қазақ-қырғыздың шын қызметкері, шын жолбасшысы болуына тілектеспіз һәм солай деген үміттеміз. «Бірлік туының» адресі:г. Ташкент, ред. Газ. «Бірлік туы»/2/,- деп хабар беріп ,газеттің шыққаны жайлы айтылады.
Газеттегі М.Дулатовтың "ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ДҰШПАНДАРЫ" атты мақаласын алатын болсақ, бұл жерде қазақ арасынан шыққан сатқын тыңшылардың бет бейнесін ашып көресеткен. "Кешегі Николай заманында губернаторға тілмаш болып, қазақтан көп пара алып, охраны отделениеде тыңшылық жұмысын атқарып, айына 20 сом алып тұрған адам. Бұның қазақтан пара алып, «тыңшы» болып тұрғаны мойнына қойылып, өткен жылғы апрель басында болған қазақ сьезінен қуылып шыққан еді." — мақаладағы бұл сөздер сатқындардың бірі Мұхамедияр Тұңғашинді сипаттаған еді.
Мадина Қали
Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті