Қазақ халқының мәдениеті, дәстүрі, ұрпаққа бере тәрбиесі мол емес пе?! Қазіргі таңда жастардың тәрбиесіне көңілі толмай даттап та, түңіліп те айтатындар аз емес. Бірақ бір нәрсе айдан анық. Бала "ұядан не көрсе, ұшқанда соны іледі" Мына мақалам да соған орай жазылған. Күнделікті өмірден алынған шағын әңгімем.
Бірлігі жарасқан...
«Бірлік бар жерде тірлік бар» демекші, осы тақырап төңірегінде қарапайым ғана айрандай ұйыған отбасының бірлігін әңгімемізге арқау еткім келіп отыр.
Сендердің арқаларың жүргеніміз
Алаңсыз бұл өмірде күлгеніміз
Менің қос бәйтерегім
Сендерсіз қайтер едім
Әрқашан бірге болсақ
Түгел ғой бар керегім – деп жалғасып жатқан әсерлі сөздер әсем әуенмен тыңдар құлақтың құрышын қандырып есіліп жатты төргі бөлмеден. Жүрегіміз елжіреп, сырлы әуеннің сиқырына балқып барамыз. «Әннің де естісі бар есері бар, тыңдаушының құлағын тесері бар» - деп Абай атамыз айтпақшы әннің естілігін бар ықыласымызбен сезіп тұрмыз. Қоңыраудың үніндей естіліп жатқан бұл әуеннің орындаушысын да бірден сезесің, жас баланың балғын үні. Енді тек бейнесін көруге асығып барамыз. Тарсылдап әннің әуезін бұзбайық деп адымдап төргі болмеге жақындадық. Бас сұғып үнсіз ғана көзбен шолып өттік, мақсатымыз бұл әуеннің тыңдаушылары кім екен? деген сұрақ. Жып жинақы, таза әрі ашық болменің қақ төрінде осы үйдің үлкендері яғни көпті көрген, көп жасаған ата мен әже, және баласы мен келіні, бір-бірінен айнымаған балалары отыр. Барлығы бір әуеннің құшағында тербеліп жатқандай. Біз де олардың қатарына қосылып, кішкене балапынның орындауындағы «Қос бәйтерегім» әнінің аяқталуын күттік.
Ән өз мәресіне жетті. Біздің айтпағымыз сырлы әуеннің сиқыры емес, отбасы мүшелерінің бір-біріне деген шынайы махаббаты, бірлігі, ынтымағы еді. «Әкесін көріп ұл сөйлегеннен без, шешесін көріп қыз сөйлегеннен без»-деген қазақтың тәрбиелі мақалын саналарына мықтап құйған бұл отбасы біздің қойған сауылдарымызды үйдің үлкен кісілеріне бұрды. «Қарты бар үй қазыналы» деген қазағым, қазынаның көзін тапқандай болдық.
-«Бірлік түбі береке». Бірлігіміздің арқасы ғой осылай шалқып отырғанымыз. Әріден қозғасақ әкеден бесеуміз, арамызда бір қызғалдағымыз бар. Әкеден ерте айырылып, бар тауқымет үйдің үлкені менің мойнымда қалды. Қызымызды тұрмысқа бердік. Өзім отбасын құрып, артымнан ерген інілерімді де аяқтандырдым. Інілерім мені әкелеріндей сыйлайды. Барлығының отбасы бар, өз алдарына үлкен әулет болды оларда. Құдайға шүкір менің де жапырағым жайқалып, жеміс ағашындай гүлдеп жатырмын. Мың тәубе аллаға! «Тәрбие тал бесіктен» демей ме?! Әкемнен алған тәрбиені ұрпағыма беріп жатырмын. Атадан балаға берілер құнды мирасымыз осы, айналайын! Немерелерімнің өнерін тамашалап жатыр едім. Теледидардан күнде көрген концерттерім немерелерімнің қойған концерттеріне жетпейді. Осылардың қызығын қызықтап ұзақ жасап жүрмін ғой,- деп ағынан жарылды Мырзабай ақсақал. Сөз кезегін Мейірім әжемізге бұрдық.
- Алтын құрсақ аналадың бірімін. «Қайын ененің топырағынан» дегендей келінім де бізге тітті немерелер сыйлап жатыр. Соларды алла бердім деп берсе әлі де қызықтай береміз. Үйдің берекесі де, мерекесі де осы балаларымыз. Олардың бізге арнаған ыстық ықыластарына марқайып, жасарып қаламыз. Бірлік күні құтты болсын! Бірлігіміз арта берсін! Ынтымағы жарасқын отбасы көбейе берсін! Аналық тілегім осы!
«Ер адам түздің адамы» деген әсте рас екен. Заманымыз өзгерген сайын әйел адам мен ер адамның рөлінің ауысқанын күнде көріп жүр едік, ал бұл отбасында ер адамның орны түзде екен. Түздің шаруасынан әрең қолы босап келген Жақсылық мырза былай деп өз лебізін білдірді:
- Әкелердің мақсаты отбасын асырап, осылардың барлық жағдайын қамтамасыз ету ғой. Балаларымды ешкімнен кем қылмай өсіріп, алланың берген несібесімен күнелтіп жатырмыз. Жұбайымның да бала тәрбиесіне қосып жатқан үлесі зор. Ең бастысы әке-шешемнің көңілінен шыға біледі. Балаларымның сүйікті анасы. Менің сүйікті жарым. Бірлігіміз арта берсін!
Осы үйге бақыт сыйлап, ата-ененің ақ батасын алып, жарының көңілінен шығып жүрген Ақжарқын келіннің де айтары бар екен:
- Ата – енемнің үмітін ақтап жатсам мен үшін қуаныш сол. Осы үйдің табалдырығын аттағанда құдай қосқан қосағымды бақытты етемін деп мақсат қойғанмын. Сол мақсатым жүзеге асып жатса менен асқан бақытты келін жоқ шығар! Менің бар байлығым осы отбасым.
Міне ұйыған отбасының мүшелері осылай ағынан ақтарылды. Бізді қонақ етіп бар тәттілерін алдымызға тосты. Келген қонаққа бір қойдың басын ұстатпай жібермейтін Орынбай ақсақалдың мырзалығына бізде куә блып қайттық.