«Біржынысты неке» қазаққа да жетті ме?
блог
Жаз мезгілінің күн шуағын шашып, айнала гүлге толып жатқанын көзбен көріп тамашалаған қандай керемет. Осы мезгілді асыға күткен мен де жексенбі күнінің бірінде саябақта серуендеп қайтқым келді. Орындықта отырып, жаңа отау құрған жас отбасылардың қуанышқа толы жүздерін, кішкене балалардың бірін- бірі қуаласып жүгіргендерін көріп, есіме өзімнің іні-сіңлілерім түсіп отыр еді. Кенеттен, тамаша көріністің арасынан көзім тағы бір өзгеше жұпқа ауды. Бастапқыда, олар бір-бірімен көптен көріспеген бауырлар немесе достар деп есептеген едім. Әттең, тіпті де олай емес. Олар бір-біріне жаны құмар, еліктегіш жастар болып шықты.
Жоғарыда айтылған сөздерімді нақтылай түсейін. Көз көрген жұп басқалардан тіптен өзгеше, бөлек еді. Себебі, олар екеуі де ер жынысты. Яғни, екі ер азаматтың бір-біріне ынтызар болуын бірінші рет көріп, жиеркенішті сезім пайда болды. Ең қынжылтатыны, біреуі өзге ұлттың азаматы болса, екіншісі қарадомалақ қазақтың баласы. Олардың саябақта еш ұялмастан, қысылмастан жүрулеріне қарап қазақ жерінде қоғамдық жерлерде мұндай бассыздыққа жол берілгендігіне жаның ашиды. Осы уақытқа дейін өзге шет елдерде «біржынысты неке» заңдастырылғандығын білуші едім. Атап айтсақ, бір жынысты некелер келесі мемлекеттерде ресми түрде қабылданып, тіркелген екен. Олар Нидерланд (2001), Бельгия (2003), Испания (2005), Канада (2005), ОАР (2006), Норвегия (2009) және Дания (2012). Жақында ғана солардың қатарына Франция елі де қосылды. 2013 жылдың 12 ақпанынан бастап Францияда бір жынысты неке туралы заң жобасы парламент тарапынан мақұлданды.
Біржынысты неке-аты айтып тұрғандай жынысы бірдей адамдардың некеге отыруы. Бұндай некеге отыру арқылы, жұбайлар мынадай құқықтарға ие болады. Олар алиментке, мирас қалдыруға, мемлекеттік төлемақыларға, және ең сорақысы екеуара бала асырап алып, оны тәрбиелеу құқығына ие. Бұл XXI ғасырда етегін жая бастаған құбылыс. Ең алғаш рет аталмыш некені Нидерланд елі 2001 жылы заңдастырған екен. Діни тұрғыдан да, адами тұрғыдан да, заң тұрғысынан, қай жағынан қарасақ та бұндай некеге жол жоқ. Бұл тұста ислам елдерінің барлығында бұндай некелерге тиым салынған. Сонымен қатар, әлем діндерінің барлығы дерлік бір жынысты некеге қарсы.
Антропология ғылымының тұрғысынан «неке» ұғымының өзін әртүрлі мемлекеттердің өзіне тән ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып түсіндіру қиынға соғады. Осылай Эдвард Вестермактың «The History of Human Marriage» атты ғылыми еңбегінде: «Неке-бір немесе бірнеше ер адамның бір немесе бірнеше әйелмен заңмен құпталған бірлескен ұйымы» деп көрсетілген екен. Алайда, соңғы он жылдың ішінде «неке» ұғымы мүлдем өзінің мағынасын жоғалтқан болса керек. Себебі, ағылшындардың сөздігінде 2000 жылдан бастап, «біржынысты неке» ұғымы пайда болған.
Үстіміздегі жылдың сәуір айында ғаламтор парақшаларында Қарағанды қаласында екі бойжеткеннің некеге отырып, баршаға арнап үлкен той жасағандығы белгілі болды. Бұл Қазақстандағы әзірге бірінші оқиға болып тұр. Себебі, біздің елімізде «біржынысты некеге» рұқсат жоқ екендігін біле тұра той жасап, оған қоса жалпақ жұртқа қазақ халқын ұятқа қалдырған бірінші факт. Екі қыз бала орыс ұлтының қыздары, есімдері Кристина мен Каролина. Аталмыш кештің ұйымдастырушысы Қарағандыдағы гейлер қозғалысының басшысы Владимир Корнаковский болғаны белгілі. Осыдан-ақ, бұл ерекше некеге отырушылардың да өзіндік ортасы, араласатын достары да өздері секілділер екендігін аңғарамыз. Яғни, олар гейлер (екі ұлдың қосылуы) мен лезбилер (екі қыздың қосылуы) және тағысын тағылар. Фотосуреттерден тойдың әдеттегідей ақ көйлекпен, гүлдермен өткізілгендігін көреміз. Дегенмен, бір кемшілігі тек қана неке куәлігінің берілмеуі ғана болмаса. Бірақ, шаңырақ көтерген бұл жұптың болашаққа қойған жоспарлары да жоқ емес, сәби сүйіп, толық отбасы болсақ деген ойлары да бар екен. Бұндай әрекетке бару қайдан туындады? Әрине, сол баяғы батыс елдеріне еліктеуден емей немене. Еске түсірейікші, 2001 жылдан бастап танымал әнші, поп-музыканың королі Элтон Джон өзінің сүйіктісі деп Дэвид Ферништі баршаға жария еткен еді. Сол кезде, бұл оқиға жан шошырлықтай болып көрінген. Кейін, 2005 жылдың 21 желтоқсанында, заң күшіне енген соң екеуі «біржынысты некеге» отырған еді.
Аталмыш жұптардың бұндай отбасы құруына қарап, олардың псикалық ауытқуларға бейім болуы ғажап еместігін түсінеміз. Себебі, дұрыс тәрбие көрген, психикасы дұрыс адамдар жоғарыдағыдай әрекетке бармас та еді ғой. Егер де, гейлер мен лезбилердің психикалық ауытқулары болатынын ескерсек, олар суицидке, агрессияға жол беретіні тағы бар. Қазір заман да, адам да өзгерген кез болды шамасы. ХХ ғасырдың бас кезінде біржынысты байланыстар үшін адамдарды темір торға қамап, психиатриялық емханаларға жатқызатын болса, қазіргі жағдай мүлдем басқаша. Қазақстандық yvision.kz сайтында тәуелсіз «Политон» агенттігінің өткізген әлеуметтік сауалнаманың нәтижесі берілген. Сауалнамаға қатысушылар арасында журналистер, қоғам қайраткерлері және саясаткерлер де бар. Нәтиже көрсеткіші бойынша, бұл тақырыпты талқылау кейбір жекелеген адамдар үшін ғана қажетті болса, Қазақстан үшін талқылауды қажет етпейтін мәселе екен. Себебі, ондай біржынысты қатынастарға баратындардың саны өте аз және олар үшін заңды тұрғыда тиым салынған. Солай болса солай шығар, десек те сорақы қатынастардың елімізде еркін және тез дамуына көз жұмып, қол қусырып қарап отыра беру де дұрыс емес шығар.
Шаттық Ашықбаева