Жұмбақ:
- Өздері қып-қысқа;
- жеке тұрып ешбір мағына бере алмайды;
- «Бірге жазылады ма, әлде бөлек жазылады ма?» – деп кейде адамды екі ойлы жағдайға қалдырады.
Кім тапты? Бұл қай сөздер?
Қолданылуы
Жазылуы
Мысалы
Етістіктен зат есім тудыратын жұрнақтар
бірге
жазба
көрме
кеспе
Болымсыз етістік жасайтын жұрнақтарбірге
Жаздым-жазбадым
Көрдің-көрмедің
Кес -кеспе
Сұраулық мағына беретін шылаубөлек
Жаздың ба?
Көрдіңіздер ме?
Кесіп пе?
ма, ба, па жуан дауыстысы бар сөздерден кейін қолданылады
ме, бе, пе жіңішке дауыстысы бар сөздерден кейін қолданылады
Айттыңыз ба?
Келе жатыр ма?
Қызық па?
Көмектесейін бе?
Түсінікті ме?
Керек пе?
Неге екенін білмеймін, бірақ сөйлеу кезінде сөздің жіңішке не жуан екендігіне қарамастан барлығымен ма, ба, па қолданыла беретін болып жүр: Көмектесейін ба? Стипендия түсіп па? Шай ішесіздер ма? т.с.с.
Сонымен, өздеріңіз түсінгендей, жұмбақтың жауабы: ма, ме, ба, бе, па, пе