Бірге қыдырайық

Бірге қыдырайық
жеке
блог

Өте кеш жасалған репортаж. Оның себебі, салайын ба, салмайын ба деп ойланғанымнан еді.

Наурыз айында, туған жерге құрбымды ертіп келіп едім))). Бірінші рет Кентауды көрді. Аз ғана күнге келгендіктен, қаланы түгел аралата алмай қалдым, өкінішті (((. Алайда, наурыз тойын тойлауға тура түсті, сәтті күн.

наурыз

                                            Наурыз тойы. Кентау. Суретте менің жанұям және құрбым

Көрші қала Түркістандағы қасиетті мешіт пен жаңадан ашылған музейді көрсету менің міндетім еді. Ал кеттік...

Түркістан

                                               Түркістан. Қасиетті мешіттің сыртқы келбеті

мешіт

                        Мешіттің алды. Суреттегі ағамның арқасында келдік негізі бұл жаққа)))

Максим

       Қыдырып жүріп Максим Рожинді кездестірдік. Ол наурыз тойына арнап бағдарлама жасап жүр екен

қасиетті мешіт

                                                    Құрбым екеуміз естелікке түстік

музей

                             Ал мынау жаңадан ашылған музейдің іші. Айтқандай музей сондай керемет

музей іші

                                                          Музей ішінде естелікке бір сурет

Міне, осылай қыдырып қайттық. Сіздерге ұнады ма білмеймін, бірақ құрбыма ұнады, соған қуаныштымын)))