Бірге болыңыз!!!

   Ресей еліндегі оқуымды бітіріп, елге оралғаным сол еді, екі апта болмай Испанияға жол тарту бақыты бұйырды. Бұлда оқумен тікелей байланысты болғандықтан, әрі сабақ оқып, әрі жер, ел аралап, қызықты уақыттарды өткізіп жатырмын.      Қай елге барсаңда, бірден байқалатын ерекшелік, ол — мәдениеті, адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасы. 

    Сол ерекшелігімен Испания жүрегімнен ойып орын алды. Халықтың мәдениеті жағынан әлем бойынша бірінші орынға қояр едім. Асыққан, айғайласқан, ұрсысқан адамды көрмейсің. Көшеде танысын, танымасын «Hola» деп, аман-саулығын біліп, күлімсіреген адамдар. Бір машина әрең өтетін тар көшелерінен көлік кептелісін, тоқтаусыз сигнал үнін, жол көлік оқиғасында байқамайсыз. 

   Неткен сабырлы жандар?!!! Бір сөзбен айтқанда, Испания бар болмысымен маған ұнады!!! Бір апта ішінде аралаған жерлерден алған әсерде керемет! 

    Негізгі тоқталған қаламыз арабтар X ғасырда негізін қалаған, зәулім-сарай Альгамбрасымен атақты Гранада қаласы (Альгамбра жайлы ертеңгі саяхаттан кейін толығырақ жазармын).

 

    Араб стиліндегі бұл қала өзінше ерекше болса, тропикалық жемістің отаны мен Жерорта теңізінің жағалауында орналасқан Альмуньекар қаласы мүлдем бөлек. 

 

    Алда әлі басқа қалаларға жол тартамыз, бірге болыңыз…



Бөлісу: