...біреуге ұнауға тырыспайтындығым үшін өзіме ұнаймын...
блог
Бір орында тапжылмай тұрғаныма ұзақ болыпты. Аяқ сіресіп, жауырын ашып, жаурай бастаппын. ...бақытыма қарай қадамдар жасай бастадым... Аллам бір хайырын нәсіп етер...
***
... жарық, жылы екен деп күннің астында қақталып тұра бермеспін, бірақ суықтығына қарамастан жаңбырдың, қардың астында тұра берер едім... оларда бір тылсым бар... мен сезген...
***
...Сіздің келбетіңіз ақылыңыздан маңыздырақ десем, миыңыздың асқазаныңызда орналасқанын құп көрер едім...
***
...біреуге ұнауға тырыспайтындығым үшін өзіме ұнаймын...
***
Мені сөйлемейді деп кім айтты?! Мен қазақ әліпбиінің 42 қарібін, орыс әліпбиінің 33 қарібін, араб әліпбиінің 28 қарібін, ағылшын әліпбиінің 26 қабірін, қытай иероглифтерінің бірнеше мыңын, төте жазудың 28-ден асатын қарібін, сол қолмен дірілдетіп болса да жазуды, бір көзімді жұмып, жатып, отырып, қырымнан жатып, тік тұрып, қиясайып да оқуды... білемін! Ал, Кім мені сөйлей де, айта да алмайды, жаза алмайды өз ойын деген...))
***
"Қасқырдың аузы жесе де қан, жемесе де қан"... Еңбектенсең де кінәлісің, еңбектенбесең де кінәлісің... жақсылық ойласаң да сенбейді, ойламасаң да сенбейді... О, тоба, "адамнан адам ақылымен ғана озады емес пе"... түптің түбі...
***
Біреуге жағам деу - қарды басқа түске бояуға талпыну, меніңше.
Е, адам адамға жаққан ба...?
***
Бәріміз ертеңді күтеміз. Ертең бәрін бастап, жаманнан тыйылып, жақсыға жол ашып, өмірімізді мәнді сүреміз. Тек ертең болсыншы... дейміз... Ал, ертең бүгін болғанда, тағы ертеңді күтеміз. Сөйтіп, ертеңіміз кешеге айналып, күнтізбе беттерінде қатталуда...
***
Біреуді көре алмайтын адам, сол біреудің бақытын да көре алмайды, ондай "әділетсіздікке" көне алмайды. Қайғысына атасы тіріліп келгендей қуанып, бақытына баз кешіп кеткендей өкінеді. Өзі қылмайды, өзге қылған тірлікті көре алмайды. Бұл өзі солай.
***
Жәй ғана бақытты болудың қиыны-ай... Жәй ғана бақытты қылудың қиыны-ай... Жәй ғана бақытты қылуға, бақытты болуға ұмтылмайтынымыз-ай... Жалған тәккапарлықтың, қорқақтықтың үстем болып тұрғаны-ай... ...бақытты болу деген не екен өзі... ...қандай күй, қайсы сәт екен... ...мен білетін бір бақыт бар - маңдай сәждеге тиген кез...дегені рас-ау...
Одан бөлек тағы бір бақыт бар, ішіміз білсе де, қабылдамай қоятын... ...бақытты болайықшы, бақытты қылайықшы бір-бірімізді...жәй ғана...
***
- "Нең" кетіп барады істей салсаң?
- "Нем"? Уақытым, ойым, күшім, ақылым, қайратым, көңілім... Сен соның бірін де бағалаймысың? Бағалап па ең? Жоқ! Сенде осының бірін де ұғынар түйсік, сана атаулының жұғыны да жоқ! Қадірсізсің! Қасиетсізсің! Күле қарағанның соңынан еріп, дүние үшін кез келгеннін астына көпшік, аяғына ұлтарақ болуға дайынсың! Ал сондай адам менің еңбегімнің құнын ұқты ма? Ұққан ба? Ұға ма? Жоқ! Сондықтан әлгі бір жағымпазданып, нан шайнап беріп жүргендеріңнен сұрап көр. Бәлки, солар саған көмектесер?! Әрине, сен олардың есінде болсаң... Ал мен қолымнан келсе де енді сен үшін саусақ қимылдатпаймын...
***
Көктем келгенше жаурай тұрыңдар, сәкілері Алматының...
Адамдар кейде суық, қатыгез, қатал, ашкөз, мейірімсіз болады... Жаурағаныңды көріп тұрса да, қолынан келсе де... жылытқысы да, жақсы сөз айтқысы да келмейді. Іштарлық танытады. Мұндай кезде Олардан асқан "жауыз" жоқ...