Бірегей білім ордасы

Бірегей білім ордасы
жеке
блог

Дүниегеи келген адамның арманы болады.Арманға жетелейтін ол -мақсат.Мен де арманыма қанат бітіріп алға қойға мақсаттармының біріне қол жеткіздім деп айта аламын.Себебі,қазірігі таңда еліміздің үздік жоғарғы оқу орындарының бірі -әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студентімін.Мен не себепті ҚазҰУ-ды таңдадым?

1934 жылы іргетасы қаланған әл-Фараби атындағы ҚазҰУ білімнің,ғылымның,өнегелі тәрбиенің, жалынды жастардың ордасы.Университет қабырғасындағы кез-келген студенттің профессорлардан,ғылым докторлары мен кандидаттардан,доценттерден,ақын-жазушылардан білім ала отырып,таңдаған мамандығының нағыз майталманы болып шығуға мүмкіндігі мол.

Бүгінде мәртебесі асқақтап тұрған ҚазҰУ әлемдегі ең үздік 800 университет арасынан 236-шы орынды иеленіп, білім бәсекесіне қабілетті екенен дәлелдеді.80 жылдан астам тарихы бар қара шаңырағымызда еліміздің әр өңірлерінен тіпті алыс-жақын шетелдерден келіп оқып жатқан арманына адал,мақсаты айқын жастар аз емес.

Университетіміздегі механика- математика,физика,биология,химия,филология,журналистика,тарих,география,философия және саясаттану,экономика және бизнес жоғарғы мектебі,заң,шығыстану,халықаралық қатынастар,жоғарға медицина,шетелдік азаматтарға арналған дайындық факультеттері студенттің өзін-өзі дамытуына,кемелдендіріуіне,көшбасшылық қабілетін қалыптастыруына,заманауи дамуына бар мүмкіншілікті жасап отыр.Сол мүмкіншілікті пайдалана білу әр жалынды жастың  өз қолында.

ҚазҰУ Алатаудың баурайында орналасқан білімнің биік ордасы.Ал сол Алатаудың асқар шыңы маған әр студентті өзінің биігіне жетелеп тұратындай әсерлі көрінеді.