Бір үзік сыр.
блог
Мен өнерге ғашықпын.
мектепте оқып жүргенде сөз шеберлігінен жарыстарға көп қатысатынмын. Актерлік шеберлік пен көркемсөзден жарыс келсе, құлағым елеңдеп, жүрегім дүрсілдеп, сол жарысқа баруға ынтызар болып жүруші едім. Бір-екі рет жарыстардан жеңіп келгеннен соң жарыс келсе, мені барсын дейтін болды. Онсызда жарыс десе ішкен асын жерге қоятын қызға ол тіптен жақсы болды. Бар деген жерден қаласың ба?
Жарыстардан алатын әсерімді айта алмаймын. Сөз шеберлігінен сайыстарға қатысқан сайын жаным рахат табатын. Кейде шаршап жүргеннің өзінде жарыс десе, ұша жөнелетінмін. Одан мен сергіп, демалып қалмасам, ешқашан шаршаған емеспін. кейде жыл сайынғы өтетін олимпиада, ақындардың оқулары кешігіп кетсе, "апай қашан келеді, биыл келеді ма екен?" деп сағынып жүретінмін. Менің қызығушылығым сол сөз өнері болатын!..