Бір үзік ойлардың тізбегі...
блог
Қателікті жасаудан қорықпа,
Қателесіп қалудан қорық.
Махаббатты жоққа санайтындар.. Сезімнен қорқатындар. Ал, сезім - сенімнен бастау алады.
Көңілді қалдыру оңай,
Қалыпқа келтіру қиын.
Менің түсінгенімді - сенің түсінбеуің.. Сенің түсіңгеніңді - менің түсінбеуім ол - заңдылық. Өмірдің басты ережесі - осында.
Бақытты болу - әр адамның қолынан келеді. Тек мүмкіндігіңді жіберіп алма.
Өзіңді алға сүйреудің амалын таппасаң да, артқа шегінбеуге ұмтыл.
Өзіңе деген құрметіңді жоғалтпауға тырыс.
Қайтарымы тым қымбат...
Жаңыңа жақын жандардың жүрегіңе қаяу салма. Кешіруі оңай. Жазылуы қиын...
Айналаңа бұрылып қарашы. Кімдерді көрдің?.. Таңдауыңа да...талғауыңа да...қалауыңа да талғаммен қара.
Сеніміңді ақтасың десең, сенім арт.
Қадірін білмеген адам -
Қадірлеуді қарқ қылмас.
Адамдардың ең абзалы - айналасыңа зиянын тигізбейтіндері. Сөзімен де... өзімен де... ісімен де...
Есіңізде болсын! Ешқашан ешкімнің алдыңда ақталмаңыз. Өмір – ол сенің ғана меншігің.
Кеше..
Сен сүріңдің, құладың, жыладың, тауың шағылып, тағдырыңнан тартқан теперіш жолдарыңа, төзіміңді тауыса, жеңілгеніңді мойындадың...
Бүгін...
Артыңда өткен тарам-тарам жолдардың ізі сені шыңдай түсті. Саған алапат күш-қайрат берді. Сеніміңді қайтарды. Қане, қадамыңды бас алға!
Ертең...
Сенде үміт бар. Төбеңді торлаған қара бұлт сейілді. Сенде енді мақсат бар. Сенімің мен үмітіңді жетелей түс.
Р.С: Жаңбырдан соң кемпірқосақтың шыққаның көрдің бе?
Есіңе сақта: Батар күннің қайтадан шығатынын ұмытпа!..