*** Өмірді сүру үшін – өмірді сүю керек. Ал, өмірді сүю үшін, Өзіңді сүю керек!
*** Қорқынышың басым болса – іштегі үмітіңді үзіп жіберетіні анық.
*** Кей адамдарды санақтан өшіре алсаң да – санаңнан өшіре алмассың.
*** Жылауық көңіл – ау... Жылай бермесенші олай. Өмір сенің – бәсекелесің. Ол – сенің ең әлсіз тұсыңды білмеуі керек!..
*** Сен – Азаматсың! Бала кезімде атам осылай деп жігерлендіретін. Менің рухымды өлтіргісі келмеген ғой. Азамат деп ер балаға айтпай ма?.. деп өкпелеп бұртиып қалатын едім. Қайран, балалық – ай...
*** «Сен жеңесің!» Ішкі үнім осылай деп үн қатты. Тек берілмеші... Жеңістің туыңа сәл - ақ аз қалды ғой... Сенің рухың мықты емес пе?!
*** ...Саған сенемін! Өмірімдегі кездейсоқ жандардан жиі естіп жатқаным осы сөз. Сенім – деген жауапкершілігі ауыр үміт қой. Сол үмітті үзіп алмасам екен... Сенімді ақтау үшін!
*** Өз - өзіңе деген сенімінді күшейт. Сонда ғана барлық кедергені жеңе аласың.
*** Сенімге оңай кірген адамның, шығуы да оңай екен...
*** Адамның ең басты қателігі – өзінен бұрын өзгені түзеймін деген ниеті.
*** Өзгені түзегің келе ме?! Ендеше, өзің түзел!
*** Шыдам. Сенім. Сабыр. Үшеуін біріктірсең алмайтын қамал жоқ.