Бір үзік ой

Осы күні өзімді таппай қалдым...

Осы күндер өзімді таппай қалдым,
Еншім кетті, жыр кетті, шабыт кетті.
Көпшілікке әйтеуір жақпай қалдым,
Мойныма кеп сын-мінін тағып кетті.

Шабыт келсе дірілдеп екі қолым,
Жасқанатын болыпты қаламсапты.
Шым-шытырман шырғалаң өмір жолым,
Жақтырмайтын болыпты жарамсақты.

Буырқанған жігерде өшердей боп,
Әлсіз ғана лапылдап жанып әлек.
Шөлдеп қалған рухымды оятарға,
Өлең керек, лаулаған шабыт керек.

Музам қайда, жоғалтып алғандаймын,
Әбігер боп түнекте іздеп келем.
Жалғыздықта қамалып қалғандаймын,
Қасіреті шетінен тізбектелген.

Бекарыстан Аманжолов "2014 жыл"



Бөлісу: