Бір түйір ой

Суретте бәрі тұрақты

Суретте сәт бар сақталған

Құбылмалы біздің әлемде

Құбылам сенсің бет бұрған

Суреттер тілсіз сөйлейді

Суретке көңіл берік тым

Сансыз жанның ішінде

Сүйгенім саған берікпін

Суретке кейде көз тастап

Суреттей болғым келеді

Қалайша ұмыт қыламыз

Қауқарсыз туған сезімді

Суреттен сезім көрінер

Суретсіз жоқсың қасымда

Бұйырған бізге өмірде

Болса екен үміт бақытта

Суретті өртеп жіберсек

Суретпен кетер бұл сезім

Алдайық бізде амал жоқ

Алдамшы болды сол кезім. 



Бөлісу: