Бір түйір ой

Күнделік

1 курс.

8-дегі сабаққа екі сағат бұрын тұрып дайындаласың. Сабақтардың барлығы сөмкеде дайын тұрады. Кеше кешке дейін кітапханада отырып, семинар толтырасың. Апайдың сұрағына бар ынтанмен жауап бересің. Ұстаздан көзіңді алмай, аузынан шыққан әр сөзді қағып алып отырасың. Құлшынысын мол. Университет қабырғасындағы әр шараға қатысуға ынтықсың. Жас құлындай шауып жүресің. Деканнан бастап деканның секретарының сөзіне дейін тыңдап, барлығына жағуға талпынасың. Бір-біріне мектептегі қызықты шақтарыңды айтып, күлісесіңдер. Түнделетіп жастыққа көз жасыңды сығып аласың да. Туғандарынды сағынасың. Бір күнде 4-5 рет телефонды шулатып, хабарласасың. Кітапхана – туған үйің, жатақхана – қызығы мол дүние болып көрінеді. Сессия қорқынышты түске айналады. 1 курс міне осылай өтеді!

2 курс.

8-дегі сабаққа бір сағат бұрын тұрасың. Дәптерлерінің жартысы сөмкеде, қалғаны стөлде жатады. Семинардың жартысын ғана жазғансың. Апайдың сұрағына дайын болмасаңда, тырмысып бірдеңе айтасың. Университет қабырғасындағы шараларға қиналып тұрып қатысасың. Кімнің кім екенін, кімге қалай жағу керектігін ұғына бастайсың. Кітапхананың мекен-жайын кейде еске алып тұрасың. Жатақханаға қонақ үй ретінде ғана қарайсың. Студенттік қызық өмір басталды деп ойлайсың. Достарың көп, уайым жоқ шағын туады. Сессия күні-түні дайындалудан гөрі шпора жасаумен ғана есте болады. 2 курс міне осылай өтеді!

3 курс.

Сабаққа жарты сағат кешігіп барасың. Семинар түгілі лекциялардың жартысы жазылмаған дәптерлер. Апайдың сұрағына дәптерге сығалай жауап бересің. Университет шаралары дегенді ұмытқансың. Кіммен қалай сөйлесу керектігін тегіс меңгерген шағын. Төменгі курсқа менмендене қарайсың. Күле қарайсың. Сабақтан гөрі, өзгені ойлайсың. Кітапхананы ұмытқанын қашан... Алдағы өміріңді саралай бастайсың. Жұмысқа орналасудың қамымен жүрген шақ. Үшінші курстың сиқы, міне осындай!

4 курс.

Сабақ қайда? Сен қайдасың? Жұмысын болса, жақсы. Болмаса, түске дейін пырылдап жатқанын. Лекцияларды ұстаз тексерер кезде-ақ жаза бастайсың. Сабақ айту мүлдем ұмытылған. Ұстаздардың көбісімен «сіз-біз» болып алған жайт. Бірақ, бұл соңғы курс. Артқа қайтар жол жоқ. Дипломмен жүгіріп жүргенін ғана есте сақталып қалмақ. Осы шақта ғана бірінші курстағы жағдайын еске түседі. «Қайран, менің жастық шағым?!» Қош бол, 4 курс!!!   



Бөлісу: