Ғабит Мүсірепов атындағы академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында қойылған «Бір түп алма ағашы» атты драма әр адам көруге тұрарлық.
Қазіргі таңда әр адам өз басының қамымен жүріп, тіпті, ата-анасын ойлауды да қойған. Бұл қойылымда да сол мәселені қозғайды.
Қаладағы бітпейтін тірліктен босамайтын бауырлар ауылда қалған анасы мен мүгедек бауырларына келуді мүлдем қойған. Бәрі аналарының 60 жасына бас қосуды ұйғарады. Сөйтіп, бәрінің басы қосылады.
Үлкен ағаларының әйелін ертіп келмегеніне бәрі тисіп ұялта бастайды. Ал ағасы әйелінің ауырып қалғанын айтады, шын мәнінде әйелі бұл отбасыны жақтырмайтын еді. Ал қызы Әлия болса , керісінше, күйеуін билеп- төстеп алған,тіпті. Ләйлә да өз отбасымен, жайдары көңілімен келіп қалды. Ләйләнің қолындағы немересін көрген Дәметкен ана өте қатты қуанады және Әлияға немерелерін әкелмегені үшін ренішін білдіреді. Мүгедек інілері ән жинақ алып келіп берулерін сұрағанын олар ұмытып та кеткендей...
Сөйтіп, туған күн абыр- дабырмен өтіп жатты. Бәрінің басы қосылғанын пайдаланып ащы сусыннан да ұрттап қояды. Масайып қалған бауырлар бір-бірімен сөзге келіп қала берді. Анасының көңіл- күйі түсіп, үстелден тұрып кетеді. Мүгедек бауырлары бәрін ақылға шақырып, анасын ренжітіп қойғандарын түсіндірмек болып талпынғанмен оған көңіл бөлген ешкім жоқ. Сонда анасы шығып, ашумен айқай салады. "Бәрін кетіңдер, шығыңдар үйден. Мақсат сен де кет, сенің де көмегің шамалы" деп ашуланады. Бұл сөздер мүгедек бауырлары Мақсатқа қатты тиіп, сыртқа шығып кетеді. Бәрі үйлеріне жиналған шағында Мақсаттың өз-өзіне қол жұмсағанын біледі. Сахнаға тек бос арба ғана шығады.
Бұл спектакльді шын көңілімен көрген адам болса, әлі де болса ойланып, ата-анасына көңіл бөледі деп ойлаймын....
Ата - анамызды қадірлей білейік...