"Бір теңіз - бес мемлекет"

"Бір теңіз - бес мемлекет". Осылай аталатын жоба аясында Иран велоспорт федерациясының мүшесі, спортшы Ираж Жалил велосипедпен Иран астанасы Тегераннан шығып Әзірбайжанға, одан Ресей арқылы Маңғыстау облысына келіп жетті. Саяхатшының мұндағы мақсаты Каспийді жағалай орналасқан 5 мемлекетке ат басын арнайы тіреп, көк айдынның экология мәселелерін талқылау, - деп хабарлайды осы өңірдегі әріптесіміз, тілші Айман Нұрмағанбет. Мұндай мақсатты көздеген саяхат негізі, тұңғыш рет болып тұр. Маңғыстау облысына келіп жеткен жиһангез Ираж Жалилдің бұл қадамға баруына кәрі Каспий экологиясының қазіргі кезде күрт нашарлауы себеп болған. Спортшы өзінің жүріп өткен жолдарында адамдарға табиғатты ластамау туралы кеңес беріп келеді.

Дайындаған: Олжас Болатбекұлы



Бөлісу: