Сабақтың басында профессор стақанда аздаған сумен алды. Барлық студенттер назар аударғанша стақандағы суды көтеріп тұрды да сосын «Сендердің ойларыңша, стақанның салмағы қанша деді?»
«50 грамм!»… «100 грамм!»… «125 грамм!»…- деді студенттер.
Профессор стақанның салмағы қанша екенін менің өзім білмеймін, оны біл үшін өлшеу керек деді.
-Бірақ, сұрақ оның салмағында емес, егер мен оны бірнеше минут ұстасам?
- Ештеңе –деді студенттер.
-Жақсы. Онда стақанды бір сағат ұстап тұрсам қалай болады деп қайта сұрады профессор?
- Сіздің қолыңыз ауырады деп жауап берді бір студент.
Жақсы. Ал, егер осылай стақанды күні бойы ұсатасам деді?
- Сіздің қолыңыз тас болып қатып қалады, бұлшық етіңіз ауырады. Тіптен қолыңыз істемей қалып, сізді ауруханаға апаруымыз мүмкін деп мысқылдап күлді студенттер.
Өте жақсы,- бірақ осы уақыттар арасында стақанның салмағы өзгердіме деп жалғастырды?
Жоқ деп жауап берді.
- Сонда қолдағы, иықтағы ауру мен қиынсыну қайдан пайда болды деп сұрады?
Студенттер таң қалды.
Ауырғаннан құтылу үшін маған не істеу керек деді профессор?
Аудиториядан стақанды тастау керек деді?
Міне, осылай өмірдегі мәселелермен сәтсіздіктер туындайды деді профессор.
Проблеманы басыңызда бірнеше минут ұстасаңыз ештеңе етпейді. Біраз уақыт ұстасаңыз басыңыз ауырады. Ал, егер проблеманы ойлауыңыз көп уақыт жалғасса, бұл сіздің өміріңізге қауіп төндіреді. Ештеңемен айналыса алмай қаласыз.
Кез келген жағдайды ойладыңызба?, тез арада мәселені шешіңізде, кешке дейін ұмытыңыз оны. Осылайша таңертең сергек тұрып, өмірдің келесі жағдайын шешуге дайын тұрасыз.