Бір сәттік ой...

Бір сәттік ой...
жеке
блог

 

Кешкіғұрым... Сабағымды оқып, мамық төсекте қос қолыммен ауаны қармай екбетімнен түсіп жатырмын. Бір сәтте ойға шомылып кеттіппін...

Өзіме сұрақ қойдым: “Мен өлген соң не істеймін? Қайда барамын?

Ойландым... Иә, АллаҺ тағалама сенемін! Алайда, О дүниеге барып келген ешкім жоқ қой! Жұмақ не  тозаққа түсіп, қайта оралған адамды көрмеппін!

Денем тітіркене бастады. Екі көзім шарасынан шыққандай болды.

Неге? Неге біз өлеміз?

Әр пенденің өмірі осылай...

Бұл ойдан біршама сағат бойы арыла алмай, екі қолым жағамда болды.  Ойым да әуре-сарсаң күйге түсті.

Анама көз тастадым. Ішімнен: ” анашым әрдайым қасымды болыңызшы, ешқайда кетпеңіз”-деген сөзді қайталай бердім.

Жүгіріп барып, анамның қойнына кіріп, қатты құшақтап едім, жайнаған мынау көк майса даладай далиып, көңілі масайранып сала берді...

Ананың жылулығы жан-жағыма қамал салып, қорқыныштан қорғағандай болды...