Бір сәттік ой

Күз...Күздің соңғы айына да жақындап келеміз.Уақыт шіркін- жүйрік қой! Жүйріктігін тағы да дәлелдеп жатқан секілді.Олай дейтін себебім:сабақтың басталғанына да міне,біршама уақыт болды. Жаңа орта,жаңа достар,жаңа ұстаздар."Талабы жоқ жас-қанаты жоқ құс" деген қанатты сөзге сүйеніп,алдына зор мақсат қойып талпынып жатқан достарды көргенде, шынымен-ақ сабақ оқуға деген құлшынысың артады.Осындай алғыр орта,жүзден жүйрік жастардың орта-сына келгенімді мақтан тұтамын!Бұрын үйден,ауылдан ұзап шығып көрмеген біз үшін,әрине бұның барлығы сынақ секілді көрінеді. Бірақ,өмір- күрес. Барлығына да, шыдауың керек.Сондықтан да, достарыма айтарым:" Тек ғана Алға!!!!"

Өмір деген үлкен күрес жолында, сүрінбей өтулеріңізге тілектеспін.



Бөлісу: