Бір сәттер
блог
Аяқ кимімді тіккізіп алайын деп етікшіге кірдім. Ойланып қалдым, әркімнің сасыған етігін қалай ұстайды екен деп? Аяп кеттім. Күніне қанша ақша табады екен? Еңбегін ақтай ма екен? Күтіп отырғанша әрең шыдадым аяқкиімдер иісінен, мұрным бітеліп қалды...
Жол үстінде бір қыз тұр. "Загружаем единиц", беттері қып-қызыл боп кетіпті. Сондағы әр клиенттен алатын ақысы 30 теңге. Тамағы біткенше айқайлап тұр. Аяғынан суықта өткен шығар...
Жігіт пен қыз жол бойы сүйісіп тұр, жігіт қызды көтеріп алды. Мұрным бір шиірдім, өзімше жақтырмаған болдым. Мәдениетсіздік деп те шамдандым. Бірақ, ішімнен "қызғаныш" жарқ ете қалды. Ондай сәтте мәдениетте "әдрәм" қалатынын білетін ем ғой...
Такси тоқтатын жерде бір жігіт тұр "девушка, куда вам Иссык или Талгар?" үндемедім. Өзімде ұстай алам ғой такси. Ал ол таксистерге клиент жинап беріп ақша тауып тұр. Әр таксистен жүз теңге...
- Қазір тұрақты жұмысым жоқ, қорықпашы бірақ сені бағамын ғой...
- Қазір өз басыңа единица таппай жүрсең, қалай мені бақпақсың?... Қасымда отырған қыз бен жігіттің ұрысы. Қыз сондай әдемі.
Аватар мультфильм топтамасын қарап шықтым. Соңында бар жеңісі ешқандай стихиясыз тек ішкі энергияның көмегімен жеңісті көрсетеді. Бастысы не болсада өз ішіңнен тап дегенге саяды. Адамның жаны алтын қазық, тек бағалай, бағыттай білу керек?...
- Кеше өзімнен қатты ұялдым....
- неге?
- менің бар уайымым махаббат болып, сол үшін жынданып, мұңайып жүрсем қасымдағы досым анасы үшін жанын беріп, әкесі үшін уайымдап, інілері үшін қапаланып жүр екен. Анасы қатты науқас. Оның уайымының қасында менікі түкке тұрғысыз ғой иа... Анам мен әкем мен үшін тынбай жұмыс істеп бәрін алып беріп, үйде көңіліме қарап отыр. Ал мен, ол деп қана күнімді атқарып қана жүре беріппін, сол деп күліп сол деп мұңайып...
Өмірде адамдардың бәрі әйтеуір күнін өткеру үшін келеді, қуану, уайымдау,сүю, жек көру бәрі екінші планда қалып қояды басты мақсат ақша табу болады. Себебі, алдыңғылардың бәрін кешу үшін жәй ғана өмір сүру керек қой...