Бір сәт ойлан...

"Бақытсызбын мен!" - деп талай алқындың, 

Өмірде барсың, өтіп жатыр әр күнің!

Бақытты адам болмайды екен өмірде,

Тек бақытты сәт болады, жарқыным!

 

"Өмірден тойдым!"- деп ешқашан безінбе,

Бір күні онсыз аттанамыз... Сіз, біз де!

Он екі мүшең сау бола тұра сөй дейсің,

Өмірге құштар жандар бар қолсыз, көзсіз де!

 

"Шаршатты бәрі" - деп қол сілтеп жүрмеңіз,

Тек бір нәрсе шаршатты сізді білсеңіз.

Қиындық деген соңында келіп бас иед,

Әрине, егер, барлық сынға көнсеңіз.

 

"Туылдым неге?" Қоясың (жалған) мың сұрақ,

Тағдырың бәлкім, расыменен, мұңдырақ?

Өмірдің заңы: алма кезек ауысу...

Алдымызда қуаныш бірде мұң тұрад.

 

"Жалғызбын, жалғыз" - деп тағы жылап тұрасың,

Ұмытпа, мына жалғанда Алла жолдасың!

Жалғызбын демей, шүкір ет дос-жаранға,

Баршамызды жаратқан Алла қолдасын!

 

Өзіңе-өзің қожайынсың, бисің-ау,

Қарының тоқ, (әйтеуір, тамақ жейсің-ау)

Өмірде біраз жолың болмай қалса егер,

"Басымнан қайғы арылмай қойды!" - дейсің-ау!

 

"Шаршатты бәрі! Өкінем қатты... Жетеді!"

Махаббат па? - Ұстатпас қолға жел еді!

Тоқта тұр, тоқта... "Шыдам" ғой алға жетелер,

Өмірде тек шыдамды жандар жеңеді!

 

                 *  *  *

Кез көп жылап, бұл өмірге сұрақ қойған,

Білем, керек адамға  той мен думан!

Өйт демеймін, бүйт демеймін, бар айтарым:

Не істесең де, ей, пенде, бір сәт ойлан!

 

(Мүмкін, менің бұл шығармаммен келіспейтін шығарсыздар... Алайда, соңғы уақыт "әлсіз" жандарды көп көріп жүрмін. Адам өмірге келген соң, бәріне көнуге тиісті!) 



Бөлісу: