Бір сәт...
блог
Адамның тұтастай бір ғұмыры болса, сол ғұмырын құрайтын жылдар, айлар, күндер болады, сол жылдар мен айларды өткізетін сағаттар мен минуттар, секундтар, ал сол жылжыған уақытта таңбасын қалдыратын сәттер. Сәттер, бір сәт, кейде сол бір ғана сәт адамды өзіне мәңгілік байлайды, сол бір ғана сәт сені ғашық етеді, сол бір сәт сені ынтықтырады, сол бір сәт сені қуантып, мұңайтады, және сол бір сәт сенің ғұмырыңда өшпес із, ұмытылмас жара қалдырады, сол бір ғана сәт сені мәңгілік өкінішке не мәңгілік шаттыққа бөлейді, мүмкін сол бір сәтте сен өміріңдегі ең маңызды шешімді қабылдарсың, сол бір сәтте өміріңдегі ең қате бір іске ұрынарсың... бәрі бір ғана сәттік дүние, кішкене ғана уақыт, бірақ сол уақытқа байланған өмір, ғұмыр. Сондықтан адам ешқашан «Қойшы, бір ғана сәттік дүние ғой» немесе «Біраз, ертең, сосын», дегендерді ұмытуы керек, себебі, оың әрқайсысы СӘТ. Мүмкін сен «ертең», дегенде сенің сол сәттегі бақытың сенен алыстап кетер, «бір сәттік дүние ғой», дегенің сенің өмірлік маңызың болуы мүмкін. Сондықтан уақытша жүре тұрайын, уақытша жасай тұрайын дегенді, жеңіл тоқтамға келуді де қою керек, себебі сол сәттегі сенің тоқтамың сенің өміріңді жүз сексен градусқа өзгертуі мүмкін. Бір сәттік оқиға сенің бар ғұмырыңды лайландыруы мүмкін. Абайла , сондықтан абайла, өміріңнің әр сәтінің қадірін біл, қастерле, әр сәтін бағалап, құрметте... Себебі, бұл СӘТ қанша тырыссаң да оралмайды, артқа қайтпайды, ол өз шешімін, өз уақытын өткізіп жібереді, ал сол сәт, сол өткен минутта сен ең маңызды нәрсеңнен айырылуың не болмаса өз бақытыңды жіберіп алуың әбден мүмкін, әбден. Өмірдің әрбір СӘТІ - бақыт, әр сәтте мән мен мағына бар, әр сәтте бақыт пен қуаныш, шаттық пен мұң бар, олардың әрқайсысы сенің өміріңнің бөлшегі, бұлар - сенің өміріңді құраушы СӘТТЕР... Бір ғана СӘТ....