Бір өзінде Пайғамбар мен Бонапарттың мінезі бар

Бір өзінде Пайғамбар мен Бонапарттың мінезі бар
жеке
блог

Бүгін massaget.kz-тің белді өкілі – Қайыржан Серікұлы Наурызәлиевтің туған күні. Ер жасының жартысы – асқаралы 22-ге келген Қайрекең massaget.kz-тің кішкентай Пайғамбары! Иә, шынымен солай!

Бұл күні Ұлық Пайғамбарымыз – Аллаһтың соңғы елшісі – Мұхаммед пайғамбарымыз «Салла Ллаху алейхи уа салләмның» туған күні! Бұл күні православ діні өкілдері сегіз қасиеттісін еске алады. Католиктер үшін де қастерлі күндердің бірі. Дін атаулы үшін киелі күні тарихта басқа да айтулы оқиғалар болыпты:

20 сәуірде:

  • Джеймс Кук Австралияның оңтүстігін ашты!
  • Наполеон Бонапарт дүниеге келді!
  • Адольф Гитлер дүниеге келді!
  • Жер шары саясатының билеушісі – Американың құдіретті үстемдігіне қарсы тұра білген Уго Рафаэль Чавестей президенті бар Венесуэла Тәуелсіздік алды!
  • Әйгілі Backstreet Boys тобы құрылды!
  • Қытай гомосексуализмді қалыпты құбылыс деп тапты!

Ежелгі орыстардың дүниетанымында бұл күні өзен-көлдерде Су перісі оянады. Ал біздің халық оны су перісі емес, Су атасы – Сүлеймен деп, сыйынған.

Міне, бір Өзінде Пайғамбардың, Бонапарттың, Гитлердің мінезі бар Қайрекеңе мықты денсаулық, ұлыларға тән ғұмыр тілейміз!

Біздің ортада күннің күйбеңінен күйзелмей, өзгелерге қуаныш сыйлайтын қасиеті бар Қайрекең әркез аман болсын!

Енді Қайыржанның өзі туралы жазғандарынан үзінді:

Бірінші жаман қасиетім, адамдармен дау-жанжал оқиғаға түссем, ол адамның позициясын тыңдамай, тек өзімнің  пікірімді дұрыс деп санаймын.

Екінші жаман қасиетімАдамның айтып жатқан әңгімесі қызық болмаса, бетіне басып беремін. Жынданса жындана берсін.

Үшінші жаман қасиетмен өте шыдамсыз адаммын. Егер кездесуге адамды шақырсам, ол міндетті түрде белгіленген уақытта келуі тиіс. Егер бір минутке кешіксе, дереу қоңырау шалып, қашан келетінін сұраймын.

Міне, біздің Қайыржан – осындай! Туған күн құтты болсын, ағайын!