0 жасында:
Әкесі (Ә) – Қандай сұлу! Мынау құрттай нәрсе қызым екеніне сене алмай тұрмын! Көздері де маған ұқсайды!
Қызы (Қ) – Көздерін алмай қарап тұрған кісі әкем болса керек!
5 жасында:
Ә- Ханшайым менің, сұлу қызым, айта ғой папаң бүгін не әкелсің?
Қ- Ең көп папамды жақсы көремін! Ол да тек қана мені жақсы көрсін, үнемі қасымда болсын!
10 жасында:
Ә- Ерке баланың мінезі кімге тартқан екен?
Қ- Әкетай сағыз-кәмпит алуға ақша қосып береді ме екен?
15 жасында:
Ә- Қалай тез бойжетті! үйге де кеш қайтатын болды. Онымен қатал сөйлесуім керек
Қ- Әкемнің қамқорлығы дем алғызбайды. ―мынаны істе-мынаны істеме дегенінен шаршадым! Еркін өмірге қашан жетеді екем?
20 жасында:
Ә- Айтқанды мүлдем тыңдамайтын болды. Уақыт өте менен алшақтап бара жатыр. Отырып сырласпағалы да қай заман.
Қ- Менің бір ауыз сөзімді көтере алмайды, мені еш түсінбейді. Тұрмысқа шығып, жеке отбасы құруым керек. Әлі күнге дейін кішкентай бала сияқты бағаланудан жалықтым!
25 жасында:
Ә- Бір күні осылай болатынын біліп едім. Міне, қызымды ұзатып жатырмыз. Бұрыңғыдай жақын да болмай кеттік. Енді бөлек отбасы құрып, тіптен алыстап кетеді..
Қ- Тұрмысқа шығып, үйден кететініме сене алмай қимай тұрғанын білемін.
30 жасында:
Ә- Өте сирек көрісеміз. Немерелерімді де сағынамын. Бізден гөрі достарына көп уақыт бөледі.
Қ- Әкемдерге бармағалы көп болды! Телефон соққанымда дауысы мұнды көрінді қайтадан. Алдымыздағы демалыс күндері кішкентай сыйлықтар алып үйге соғып кетсем жақсы болар
40 жасында:
Ә- Қызым менің білімімді жеткіліксіз көреді. Ескірген заманның адамымын ол үшін. Дегенмен кішкентайында барлық үй тапсырмаларын менімен бірге жасайтын. Түсінбегендерін мен түсіндіретінмін. Енді көмегімді керек етпейді
Қ- Әкем күннен-күнге кішкентай бала тәрізді болып бара жатыр. Әрнәрсеге тоңқылдап, бұрқылдайды. Соңғы уақыт денсаулығы да нашарлап кеткендей. Аман болса болғаны.
45 жасында:
Ә- Қызымның бақытты екінің көру мен үшін ең үлкен бақыт! Өмірдегі мақтаныш пен абыройым – қызым!
Қ- Әкемнің денсаулығы қатты уайымдатады. Онсыз қалуға дайын емеспін. Дәрілерін да уақытысында ішпейді. Өмірін ұзағынан жазсын..
50 жасында:
Ә- Екі дүниенің бақытын тілеймін саған, қызым!
Қ- Әке, әкетай! Сені қатты сағынамын! Енді кім маған ақыл айтып, кім көмектеседі? Әкешім, сенсіз қалай өмір сүремін!
55 жасында:
Қ- Сен кеткелі сені одан әрі жақсы түсінетін болдым, әкешім! Сені түсінбей көп ренжіткенімді білемін. Түсінбей қалған әрбір күнім үшін кешірім сұраймын! Қадіріңді білмегеніме қатты өкінемін!