Бір қызық сезім
жеке
блог
блог
Мен оны күтемін... Әлі де.. Қанша мәрте оның қасынан көзге елемей өте шығып кеттім, атымды атаса, мән бермей, естімегендей кейіп таныттым. Телефон қоңырауларын алмай, хабарламаларына жауап жазбаған кездерім қаншама... Сонда да дәл қазіргідей кездерде оны күтем, хабарласса екен деп отырамын. Ішкі дүниемде екі адам бір-біріне дес бермей, күрес жүргізіп жатқандай... Осындай күйден қалай құтыламын?! Бүгін міне тағы да түскіасты бірге іштік, кешке үйге шығарып салуына қарсы болып, қайтарып жібердім. Міне тағы да ішкі теке-тірес.
(фото сайттан жүктеліп алынды)