Бір қызға
жеке
блог
блог
Бір күн күліп жүресің, бір күн бүлік.
Мінезіңнің қалауын құлқың біліп.
Қырсыққанда түсесің сұлулана
Маған ұнайд,сендегі біртүрлілік!
Қырсық маған,қылықтым қырсық маған
Сен күлмесең,көңілде күн шықпаған.
Еркелеп еленбесең күн батпаған
Қылығын бәрінен де қымбат маған.
Сүймесең,сүрінумен өтер өмір
Жанымды жүрегіңе жетеледім.
Жалықтырма өзіңнен,жаным менің
Еркелей бер,бәрін де көтеремін...
...Қарай бергім келеді лағыл мүсін
Жалғызым жоғалмашы, сағымбысың!?
Құшаққа ап,көріп тұрып сағынамын
Жүректегі жанар тау,жалын күшім!
Өзіңдей бұл өмірде сый көрмегем
Сәл кетсең,сені іздейтін күйге енбегем
Жауабыңнан қорқамын «Үйлен» дер ем
Осы шығар ғашықтық, СҮЙГЕН деген.