Бір күнім менің мың күнім
блог
4- тамыз біздің үй үшін қуанышты күндердің бірі, себебі ең ерке сіңілім Айдөктің туған күні. Сонымен, бәріміз ақылдасып туған күнді біз тұратын жақта орналасқан "Тихий завод" демалыс аумағында атап өтуді дұрыс деп шештік. Балалардың бәрі су десе жанын беретін болғандықтан Түрген кейінге қалды.
Сонымен, біздің демалыс үйдегі Ақтөспен қоштасудан басталды.
Ақтөсті біз көбіне "гөшігім" деп атаймыз. Ернұр інім солай атаған соң, күшігімізде сол атқа қатты үйреніп қалған :)
Тихий завод демалыс орны, Құлджа трассасымен Алматы қаласынан 29 км жерде орналасқан Қойшыбек ауылына қарасты демалыс орны. Кіру өте қымбат емес, адам басына 400 тг. Демалыс орнында тамақ ішетін орындар, душ, киім ауыстыратын жер, катамаран, қайық, құтқарушылары бар. Аса қатты керемет демалыс орны болмаса да, барып демалыс күнді өткізуге болады.
"Тихий завод" демалыс орнының жалпы көрнісі:
Туған күн иесі- Айдок.
Суға қатты жүзетін мен, тек камерамен жүргенімді мойындаймын :).
Мен камермен жүріп екі рет батып үлгергенде басқалар небір түрлі "прием" көрсетіп менің көзімді қызартты әбден, мен бәрібір берілмей судан шықпай қойдым :)))). Нәтижесінде, мындай ойындар ойнадық:
Мен мыннан жүгіріп келіп, суға секірді деп ойласаңыздар қатты қателесесіздер :),оған мен шықпай да қойдым
құмға көмілмей қойғанымды да мойындай салайыншы :)
Опшым, қатты шаршадым. Қатты шарсам да Илья Ильиннің жеңісін тамашаладым, қуаныдым, айғайладым. 5- алтын құтты болсын Қазақстан! Алтынды күнде жолыққанша!