Бір күн бір күнге ұқсамайды...

Бір күн бір күнге ұқсамайды...
жеке
блог

Көкжиекке батып бара жатқан күнді түсірген ұнайды. Алуан түсті бояулар. Шексіздік. Тағы бір күнмен қоштасу… Бәрі-бәрі жылылық сосын қимастық сыйлайды. Үйіміз ауылдың шет жағында. Күн сайын күннің қалай батқанын бақылаймын. Дәл осы кезде кейбіреулер шаруаларымен жүріп, кейбіреулер сериал қарап, кейбіреулер көпқабатты үйдің қалқасынан осыншама сұлулықты көре бермеуі мүмкін. 

Суреттер Canon EOS 60D фотоаппаратымен, М-мен, ISO 100-125, выдержка 30, диафрагма 18-22 түсірілген.

30.04.2014

18.08.2014

11.06.2014

06.06.2014

27.05.2014

25.08.2014

06.08.2014

18.07.2014

11.07.2014

07.06.2014

11.06.2014

30.05.2014

20.07.2014

26.08.2014

19.09.2014

26.08.2014

Алыс та жақын жиекке күн сіңіп барады,
Күн сіңіп барады, кім білсін, күрсініп те алады...
Өзегін өртер өксіген өкінішпенен
О жақтан дағы оңды бір тіршілік табады...
Г. Салықбай