Бір күні бір дракон татулы қыз өмір сүріпті...

Бір күні бір дракон татулы қыз өмір сүріпті...
жеке
блог

Әлемнің қандай да бір бөлігінде дракон татуы бар, есі дұрыс емес деген диагноз қойылған, мемлекет жіберген қамқоршысынан зорлық көріп жүрген, бірақ басы қатты жұмыс істейтін қыз бар деп ойлауыңыз мүмкін бе? Әлбетте, мұндайды қарапайым, күнделікті тірліктермен арпалыса жүріп ешқашан ойламауыңыз мүмкін. Бірақ "Дракон татулы қыз" фильмі күнделікті көріністерден шығарып алып, бізге беймәлім, өмірдің сан-қырлы тұстарын ашып береді.

Оқиға журналист Микаэль Блумквисттің (Дэниэл Крэйг) төңірегінде өрбиді. Швециялық Вангерлер отбасының үлкені Хенрик Вангер оны өзінің із-түссіз жоғалған, не қайтыс болған қарындасы Харриет Вангердің ісін зерттеуді сұрайды. Олардың отбасылық иелігі саналатын аралда оның мәйіті табылмаған. Сондықтан оны өлтірген Вангерлер отбасының бір мүшесі деп есептейді. Зерттеу нәтижесі қандай болмасын, Хенрик Вангер Микаэльге оның қарсыласына компромат тауып беретінін айтады. 


Зерттеу барысында Микаэль түрлі қиындықтарға, сонымен қатар түсініксіз жайттарға ұшырайды. Оқиға шиеленісіп кеткендіктен ол көмекші жалдауды жөн көреді. Осы кезде дракон татулы қыз - Лисбет Саландрға (Руни Мара) тап болады.


Лисбеттің зерттеу кезіндегі алғырлығы мен тапқырлығы бұл жұмбақ істің шешімін ұзаққа создыртпайды. Алайда, оқиға желісі тек осы Вангерлердің құпиясын шешумен ғана шектелмейді. Басындай айтып өткенімдей, мемлекеттің қамқорлығында жүрген қыз өзінің қорғаушысынан зәбір көреді. Кейін оған кек қайтаруы, Микаэльге ғашық болуы және финанстық қулықтар арқылы байюы, бәрі екі жарым сағаттық көрініске нәр беріп, уақытты елемейтіндей дәрежеге жеткізеді. Соңында, фильмнен алған үздік әсер, бақытты да емес, бақытсыздық та емес, жай ғана өмірде де сондай болады екен-ау деген көзің ашылғырдың күйін кешесің.


Актерлердің ойыны өте керемет. Әрқайсы өз рөлін жоғары деңгейде ойнап шықты. Және дракон татулы қыздың орнында мен басқа әртісті елестете алмаймын, өйткені оның рөліне Кэри Маллиган, Эллен Пейдж, Кристен Стюарт, Натали Портман, Миа Васиковска, Кира Найтли, Энн Хэтэуэй, Оливия Терлби, Эмили Браунинг Ева Грин, Скарлетт Йоханссон сияқты түрлі актрисалар ұсынылған екен. Руни Мараға тіпті Оскар беруге дайынмын. ))

Фильм +18 категориясына жатады. Сондықтан фильмге барарда анайы кадрлар болатынына дайындалып барыңыз. Зорлық пен зомбылық көріністері орын алады. Мен бұған қарамай рецензия жазып отырмын. Өйткені фильм маған шынымен ұнады.

P.S. "У меня высокий метоболизм. Я не полнею!" өзіме жақсы бір жауап тауып алдым. ))