Бір күні...

Бір күні...
жеке
блог

Бәрін бүлдірген де, бүлдіретін де - мен. Сенің еш кінәң жоқ. Сенен алдыңғыларының да еш кінәсі жоқ(бәрі періште). Кешір мені! Бар жазығың шын беріліп мендей ақымақ, алдамшы бейшара екіжүздіні сүйгенің ғана(сүйетінің рас болса). Екеуміздің махаббатымыз тесік шелек сияқты екен. Қанша тырыссақ та, қанша күш салсақ та сарқылып қала береді. Мен іздейтін едім. Мүмкін бәрін жігіт істеуі керек деп ойлайтын шығарсың(оның дұрыс). Алғашқы мың қадамды мен жасағанда мен жаққа қарай бір қадам жасай алмай отырғаныңа таңғалам(сен ешкіммен жүріп көрмегендіктен бе әлде?)... Ал сен іздемек түгел не тірі, не өлі екенімді білмейсің. Сен мені қазір де іздемейсің(түсінбеймін, неге?). Мүмкін менің сені ешкімге алмастырып алмайтыныма сенетін шығарсың?!


Ақыры менен қоңырау естілмегендіктен бір күні ерігіп кетіп, "осы неге хабарласпай кетті", - деп қоңырау шаларсың. Содан "Бұл нөмір уақытша сөндіруліні" мың қайтара естіп, асып-сасып "бұған не болды?"-деп досыма хабарласарсың, мені сұрарсың, ол ренжіп отырып(ішіп алған) іші күйіп тұрып, ішін кернеген ащы өксікті сыртқа төгер:"айрылып қалдық" дер, жылап отырып. Қолыңдағы телофон қолыңнан зырғанап барып жерге тарс етіп түсер, жерге отыра кетіп бетіңді басып жыларсың(мүмкін). Көп болса 1 апта тамақтан қаларсың(әрі кетсе бір ай, қаншалықты сүйгеніңе қарай), көзіңнің асты ісіп кетер. Мен туған күніңе берген үлкен жұмсақ аюды құшақтап, суретіме қарап жыларсың, оңашада. Ештеңе етпес кейін жазыласың(Қыз Жібек құсап Жайыққа батып кетіп жүрме шырағым, мен сенің Төлегенің емеспін). Қабіріме келіп жыларсың(келе  алмайсың үйің алыс). Мүмкін сол кезде іздемегендігіңе, даусымды сағынып сол кезде соғып естіп қалмағаныңа өкінерсің. Сосын құдай берген бір күні мені ұмытып-ақ бақытты боп кетесің. 


Саған айтқым келеді. Қоя қоялық деп. Қорқамын... жүрегіңді жаралаймын ба деп. Мен үшін анадай этаптардан өткеніңді қаламаймын(мен ондай бақытқа лайықты емеспін). Мен өлгенде жүрегіңе қайғы арқалатпас үшін, сол жүректі қазір жаралау керек. Қанша айтуға бекініп барғаныммен сені көріп ойларымнан, бәрінен айнып қалап. Айта алмай жексұрын болып кері қайтам. Қайран, сен осы фб-ға болмаса массагетке кірмейсің.  Сол баяғы майл мен агенттесің. Мен оны жақтырмаймын. Сен үшін кіретін едім. Қазір кіргім де келмейді...