Бір күн...
блог
"Адам толы автобуста неге сол кісінің қасы бос?", "неге қысылған сонша адам неге ана жерге тұрмайды?" деп автобуста кірген бойда солай ойладым. Қысылып тұрғанша сол кең жерге барып тұрайыншы деп сонда жылжыдым...
Қап-қара, бомжға ұқсап қалған бір аға отыр. Киімі сау тек бірнеше күн жуылмағалы, өзінің аздап ішіп алғаны болмаса ешқандай иіс жоқ, ешкімге тиісіп отырған жоқ... Өз-өзімен өз ойымен әлек ағаның жанарынан жасты байқап қалдым... Бірде үнсіз қалтасынан блокнотын шығарып жанталасып ақтарып кетті. Бір нөмірді көре сала қуанғанын-ай...
Шарасыздана жан-жағына қарады "кім маған телефонын бере қояр екен?" деген сұрақ көздерінен оқылып тұр. Бәрінен сұрай бастады, ешкім берер емес... Сұраулы көздер маған қадалған кезде ешкімге бермейтін телефоныммен ана блокноттағы нөмірді қалай тергенімді білмей қалдым. "Дима, салем. Мен ғой. Маған көмектесші, мен Алматыды адасып қалдым, ақшам жоқ, қайда барарымды білмей отырмын." деді. Телефонға өзінің қайда екенінде қайда бара жатқанын да айтып жеткізе алмады... Көзінен аққан жас жанарын жуып кетті. Сасқанымнан қайда бара жатқан қандай автобуста отырғанын ана телефондағы кісіге айтып бердім. "ех, менен адамдар қорқатын күйге түстім... баламды оқуға алып кеп ем, баламнан айырылып қалдым одан жарымнан айырылып қалдым... енді міне мына күйге түстім" деп өзінен- өзі күбірлеп отырған кісіні аяп кеттім.
Көзімнен аққан жасты жасыра алмадым... Расымен, адамның өмірінің астан-кестен шығуы бір-ақ күн ғой... Кейде адамдардың ішкеніне ұрсып, жеккөрінішпен қараймыз... Сұрап алған, сатып алған ауру дейміз.. Ал ол адамның ішкі жан дүниесіне, оның ішкі әлсіздігіне мән бермейміз... Жоқ, ақтағым келмейді. Бірақ, адамдарға жылылық, адамдылық танытқым келеді...