Оңтүстік Қазақстан облысының қуыршақ театрында Н.Осипованың пьесасы желісімен қойылған «Полторы горсти» қойылымының тұсаукесері өтті.
Премьераны қала тұрғындары мен ата-аналар және балалар тамашалады. Қойылымның қоюшы - режиссері мен музыкамен көркемдеген, театрдың көркемдік жетекшісі, ҚР Мәдениет қайраткері – Антонина Малюченко. Қоюшы – суретшісі, театрдың бас суретшісі – Ольга Кравченко.
Қойылымда негізгі кейіпкер ауырған анасын аяқтан тұрғызып, көмектесу жолында көптеген шым-шытырық оқиғаларды бастан кешіп, соңында өз мақсатына жеткендігі сомдалады.
Қойылымның ерекшелігі театрдың кəсіби əртістерімен қатар, мекеме студиясына қатысып жүрген балалардың да сахнадағы тұсауы кесіліп, өз образдарын тұңғыш рет ойнап шықты.