Бір қария кісі жиналған халықтың алдына шығып, әзіл айтып береді. Қарияның әзіліне дүйім жұрт тегістей күледі.
Қария жиналғандарға тағы да сол әзілді қайталап айтып береді. Сонда үш-төрт адам ғана күліп қана қояды.
Қария үшінші ретте сол әзілді қайтадан айтып береді. Алайда бұл кезде әзілге ешкім күлмейді.
Сонда қария сәл жымиып: Сіздер әрқашан бір әзілге қайта-қайта күле алмайсыздар... Бірақ неге өздеріңізді бір қиындыққа бола қайта-қайта жылатасыздар?! -деген екен.