Бір кем дүние..."Біз" кімбіз?

Бір кем дүние - «Текебұрқақ» əңгімесінің желісі бойынша сахналанған драмалық қойылым. Қоюшы режиссері ҚР еңбек сіңірген қайраткері Болат Ұзақов.
Қойылымнан алған əсеріме келетін болсақ, өз басым «театр», «спектакль» десе, шымылдық, үлкен сахна, ерекше декорация, əртүрлі образға сай сахналық костюмдер киген, түр-əлпетін кейіпкерге сай етіп гримдеген актерлерді елестетем. Бұл қойылымда да бұлар бар. Алайда, адамдардың аңдарды сахнада сомдауын мен бірінші рет көрдім. Иə, əзіл-ысқақ театрларында актерлердің кейде ит  боп, мысық боп жатқанын көріп жүрміз ғой... Бірақ, мұндай спектакльде көруім бірінші рет. Мұнша таңдануыма себеп театрға онша көп бармағанымнан да шығар. Ең бастысы, ондағы актерлік шеберлік пен музыка жəне жарықтың үйлесімділігі шектен тыс əсер сыйлағаннан да болар.
Жалпы қойылым барысында тіршілік үшін күрескен адам мен аңдардың өмірі көрсетіледі. Табиғат-құдіретті күш. Біздің ортақ үйіміз. Ал ондағы басты күш-адам. Тіршілік иелерінің ең саналысы да, ең қатыгезі де адамзат баласы. Қарыштап дамыған өркениет табиғат анаға қаншалықты қауіп төндіруде? Қойылым  табиғи тепе-теңдікті саналы түрде бұзушы адамдар мен тіршілік үшін арпалысқан жануарлардың өзара ұқсастығын әрі айырмашылығын көрсетеді.  Ал автордың жануарларды "сөйлетуі"-қойылым мазмұнын аша түседі. Түйін. Біз Адамдар- тіршілік атаулының ішінде жоғары сатыдағы саналы жанбыз. Біз де табиғаттың бір бөлшегіміз, оны билеуші емеспіз. Сөз соңында айтарым осы. "Мәдениет майданындағы сүбелі ісіміздің бірі — театр. Театр көрінгеннің ермегі емес, еңбек. Еңбектің көркемі. Театр — көңіл көтерудің ғана орны емес, мәдени ошақ. Өнер орны, еңбекшілер үстемдігінің мәдениет майданындағы қармаулы орынның бірі."



Бөлісу: