Бір қарауға зар қылған Құнанбай-ай...

Бір қарауға зар қылған Құнанбай-ай...
жеке
блог

Құнанбайды көруге зар болдық

Басқаны қайдам, өзімнің бар ынта-шынтаммен күткен фильмым жарыққа шықты дегенді ести салып, шәпкімді аспанға лақтырмасам да, айтеуір бір кісідей қуанғаныма жанымда жүрген жігіттер куә... Сонымен отыра қалып, Алматының кинотеатрларының тізбелерін ақтарайын кеп, барлық дерлік кинотеатрларда небір "Франкенштейн", одан қалса, ана "Побег из аула" деген ауылдың тұрмысын анайы көрсететін жынойнақтар өріп жүр, "Құнанбайды" таппаймын. 

Әйтеуір бірен- саран жерлер кіргізіпті , бірақ күндізгі 1-2 лерге қойып тастаған. Ойбай-ау, ол уақытқа тіті балалардың мультфильмдерін бақшада деп қоймайды ғой, демалыс күндері болмаса, келісетін шығарсыздар?!

Сонымен, әйтеуір сеанс таптыққой бірдеңе қылып кешкі 21.00 ге , өзім ғана барып көргенім өзімшілдік болар деп, 90- ға келіп қалған шешемді еріте бардым, оған серік болсын деп  Тұрсын деген досымның аяғы ауырып жүрген 80- ге келген шешесін алып барсааақ...

Киноға бізден басқа тағы 4-5 Қазақ қана келіпті(((

Жарты сағат тостық, басталар түрі жоқ, бір уақытта әкімшілік келіп "Кешіріңіздер, вентилятор істемей тұр, көре алмайсыздар" деп шығарып жіберді!

Басқа киноларда халық жыртылып айрылады, бәрі дерлік Қазақтар! 

Енді кімді кіналаймыз өзімізден басқа??

Неге біз енжармыз??? Шаншар мен Алдараспанға жыртылып барып жатқан "тобыр" делік.. Ал басқа Құнанбайдай тұлға жайлы кино көруге өресі жететін Қазақ болмағаны ма? Әлде бұл надандық па?