БІР ЖЫЛ ӨТТІ...
блог
Бір жыл өтті –
Сағыныштан жанарымда жылап мұң,
Бір жыл өтті –
Іштей тынып, тек өзіңді ұнаттым.
Бір жыл өтті –
Қиялымда жел боп сүйіп ерніңнен,
Бір жыл өтті –
Арманыммен өзімді алдап келдім мен.
Ұғамысың уақыттың мені үгітіп жатқанын,
Ақ дұғамда – амандығың, алаңдатпас басқа мұң.
Үміт өзі үзбей жүрген өзің жақтан күдерін,
Бұл сезімнің қайыры жоқ, білемін ғой… білемін.
Білем, менің бұл да болса маңдайдағы тағдырым,
Өлең болып өріледі өзің жайлы жан-мұңым.
Оралардай боп тұрасың біз қош айтқан күзде сен,
Ақшам түсе жырымды оқы, егер мені іздесең…
Біз жайында түрлі аңыз шығарады ел енді,
Өйткені олар махаббатқа ақ ниетпен сенеді.
Сенші , күнім, менде соған иманымдай сенейін,
«Тым болмаса, жүрегімді ал… жүрегімді берейін!?»
2012жыл,Тамыз