БІР ЖЫЛ КҮТТІРГЕН БАЙРАҚТЫ БӘСЕКЕ
блог
Әңгіменің әлқиссасын TOKYO 2020 ойындарының тарихынан бастасам. Атауының өзі айтып тұрғандай, бұл дода 2020 жылдың 24 шілдесі мен 9 аралығында өтуі тиіс болатын. Дегенмен, 2020 жылғы 24 наурыздағы Халықаралық Олимпиада комитетінің шешімімен, бүкіл әлемге таралған коронавирустық пандемияның салдарынан бір жылға кейінге шегерілді.
Жазғы Олимпиада ойындары Токиода осымен екінші рет өткелі отыр. Токиодағы алғашқы олимпиада осыдан 57 жыл бұрын, яғни 1964 жылы өткізілген.Осыдан кейінгі кезеңде Жапонияның Саппоро және Нагано қаларында 1972 және 1998 жылдарда Қысқы Олимпиаданың өткенін ескерсек, биылғы дода Жапонияда өткелі отырған төртінші олимпиада болып есептеледі. Бұл дегеніміз, бұндй деңгейдегі байрақты бәсекелерді ұйымдастыруда күншығыс елінің тәжірибелі екенін дәлелдесе керек.
Ендігі кезекте олимпиаданың өткізілу барысы жайында айтар болсам, ұйымдастырушылардың айтуы бойынша биылғы дода бұрын-соңды өткізілген ең инновациялық олимпиада болмақ. Олимпиада ойындарының тұжырымдамасы әлемді жақсартудың негізгі үш қағдасына негізделетін болады: жеке жетістіктерге ұмтылу; бір-бірін қабылдау; ұрпақтар сабақтастығы. Биылғы додада 33 спорт түрінен 339 медальдар жиынтығы сарапқа салынатын болады. Олимпиадаға 206 мемлекеттен 11090 спортшы қатысады деп жоспарланған. Спортшылардың 49%-ы әйелдер болмақ. Бұл үрдіс гендрлік теңдікті сақтау мақсатында қолданылып отыр. Сонымен қатар, Токио Олимпиадасының бағдарламасына бес жаңа спорт түрі қосылды: бейсбол / софтбол, каратэ, серфинг, жартасқа өрмелеу және скейтборд.