БІР ЖІГІТ БАР...

БІР ЖІГІТ БАР...
жеке
блог

Бір жігіт бар....

Момын емес, тентек те....

Ақылды емес, ақымақ деп айта алман.

Мінезі бар тән намысты еркекке,

Сөздері емес, істерінен байқалған.

 

Дәулетті емес.

Емес бірақ тым кедей...

Кейбіреуден қарапайым тірлігі.

Әлдекімдей жабыспайды кенедей,

Напсіге еш меңземейді қылығы!

 

Кетпейді ол қатарынан құр озып,

Жыр да жазбас мен секілді таңға ұзын.

Отбасында көп баланың бірі-өзі,

Ал мен үшін әлемдегі жалғызым...

 

Маған деген сезімі оның беймәлім,

Мен сияқты өлең емес құмары.

Шалыс басып шатасады кейде адым,

Сол кезде оны көргім келіп тұрады...

 

 

Бір жігіт бар!

Сол жігітте жүрегім!

Жаным оның бір сөзіне мүдделі!

Сүйем оны!

Сүйіп келем!

Сүйемін!

Бойжеткелі...

Махаббатты білгелі...