Бір жер бар...

Бір жер бар...
жеке
блог

Күн қайырымен болсын, достар! Көңіліңіз құлазыған сәтте, сағыныш сарығы сыр болып шертіліп жатқан кезде сіз не істейсіз?.. Кей жандар болады осындай сәтте әуезді ән тыңдайды, кейбір адамдар бар көз жасына ерік беріп бар мұңын шығарып алатын. Ал мен ше?

Мен, әнді жақсы көремін-ау, бірақ жылауға жоқпын. Бүгінде мен тұрақ етіп, құтты қонысыма айналдырып отырған жатақханамның 9 қабаты жан дүниеммен үйлесетін, армандарыммен тілдесетін қабат. Ондағы терезе-қараңғылық пен тыныштық теңдесетін, асықпай өз-өзіме есеп беріп,ойлануға болатын  қолайлы орын.

Кеш батысымен, қараңғылық түсісімен осы қабатқа асығамын да тұрамын(Екінші қабаттан келгенше) Бірақ түнгі 12-1 болмайынша мұнда келе алмаймын. Әрине студенттер шырт ұйқыға кетпейінше. Ойым бөлінбес үшін... Келгеннен соң ыңғайланып отырып терезеге телміремін. Ойланамын. Армандаймын. Қиялдың терең көгіне мың шығып, мың батып... Әр келгенімде әртүрлі.Ең бастысы бұл жер-мен үшін ең жайлы жер. Бұл-менің орыным!

Ал сіздің көңіл-күйіңіз жоқ кезде не істейсіз? Қайда барасыз? Бөлісе отырыңыздар!