Бір жастарыңмен !

Бір  жастарыңмен !
жеке
блог

 14  Наурыз  көріс  күні!Наурыз айында тоғыстың келетін тұсы да осы күндерге келетін болса керек. Халық сенімінде 14-нен 15-на қараған күнi қой құмалағы қарға батып кетсе, жақсылыққа санап, ырым еткен. 15-i күнi халық қыс жұлдызы бiтiп, жаз жұлдызы туды деп есептеген екен. Сонымен, бүгін – қазіргі күнтізбе бойынша Наурыз айы туады. Наурызды қазақ жыл басы десе, ескіше болсын, жаңаша болсын, келе жатқан Жаңа жылымыз – Наурыз құтты болсын! 14-наурыздан көрісуді ұмытпайық. Бұл күн Батыс Қазақстан аймағында, бағзыдан келе жатқан мейрам. Сондықтан сонау бала күнімізден бұл айдың он төртінші жаңасының таңы атысымен үйдегі жан біткенмен құшақтаса қол алысып, одан соң апыр-топыр көрші үйлерге барып көрісе бастаушы едік.Әр үйдің қазанында сүр ет асылып, таң атысымен көрісуге келетін адамдарға дастархан дайындай бастайды.

 Бұл  күні  адамдар бір  біріне  ақ  тілектерін  айтып, 1 жасынмең  деп  құттықтап жатады және келесі  жылға  амандықпен көріскенше  дегендей  жүректен  шыққан  тілектерін  айтады!

Бір   жастарыңмен  Массагеттіктер  және  барша  қазақ  елі!Еліміз  аман  жұртымыз  тыныш  болсын!

 

 

 

 

                                            Сурет  мына  жерден  алынды   http://www.pvsm.ru/e-lektronnaya-kommertsiya/2591