Бір жас қосуыңызбен,оқырман!

Төс қағыстырып құшақтасып,ақ тілек айтатын кез әрқашан бағалы!Ал бұл дегеніміз"қауышу мерекесі"!Бүгінгі таңда 14 наурызды,"көрісу мерекесі" деп атап жүрміз.Бұл xалықтың қыстан аман шыққанына қуанып,ерте тұрып,жастар үлкендерге сәлем беріп,көрші-көлем бір-біріне «Жасың құтты болсын!», «Жасыңа жас қосылып, ғүмырың ұзақ болғай!» деп тілек айтып,бұл күні бұрынғы өкпе-реніш кешіріліп, араздық ұмытылады, көрші-көлем бір-бірін шеке асына шақырып, меймандардың отбасына, ағайын-туыстарына амандық-саулық, құт-береке тілейді.

Жақсы дәстүр келісесіз бе?Жоғалтып алмасақ болғаны !Дегенмен бұл мерекені көрісу емес,"қауышу меркесі"деп атағанды жөн көремін.Себебі, қаһарлы қыстың суығында  алыс-жақынды араламаған,көрші-қоланмен жөнді араласпаған ел көктемнің алғашқы күніндей мерекеде бір-бірімен қауышады емес пе?!Қалай ойлайсыз?



Бөлісу: