Cтуденттік өмір - қиындығы мен қызығы қатар жүретін , адамның есте қалар ерекше кезеңі ғой . Алғашқы кезде үлкен қалада ата-анаңсыз өзіңнің оқуың,жаңа оқуға үйренісуің , сабақтың қиындығы , тамағың бірде бар бірде болмай қалатын кездері қиын болады . Кейіннен бәріне бейімделіп кеткен кейін , жаңа достар тауып , қаламен танысып қызықтар басталады . Мен үшін " студент " деген ұғымның өзі құпиясы тереңнен ашылмай жатқан қазына іспеттес . Гүл дәуреннің барлығы да сол бір шақтан бастау алады емес пе ?
Студенттік дәурен - адам өміріндегі қызығы мен шыжығы мол естен кетпес күндер . Өмірдің ыстығына төзіп , суығына тоңып жүрсек те , алуан түрлі қызығы болып тұрады .
Алматы - алып шаһар . Қала қандай үлкен болса , шуы да сондай . Тұрғындары ... Адамдары сондай бір түрлі . Алматы қаласының тұрғыны атанғаныма 7 ай болса да , әлі үйренісе алар емеспін . Қалай болмасын , бір бүйірім туған жеріме тартып тұрады . Бір көрген адамыңды келесіде тағы көру мүлде мүмкін емес . Алматы қаласының тұрақты тұрғындары жоқ , барлығы жан - жақтан келген адамдар . Бізде , яғни Батыста барлығы ашық түрде пікірін білдіріп жатады . Бірден ұнады ма ұнады , ұнамайды ма ұнамайды . Содан болар , көбісі қатты сөйлейсіңдер деп жатады . Мен өзім майдалап , айтатын нәрсеңді міңгірлеп , аннан бір шығып мыннан бір шыққанды ұнатпаймын . Әрине , адамның көңіліне қарап сөйлеу - имандылықтың белгісі . Әр елдің салты басқа , иті қара қасқа деген мәтелдің де жаны бар .
Алматы сенің әдемілігіңе ғашықпын ! Бірақ , ренжімеші , әжемнің әжім басқан қолдарынан әдемі , құшағынан жылы емессің .