Бір-бірімен тілдескен контроллер жүректері

              Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ақпараттық технологиялар факультетінің «Жасанды интеллект және Big Data» кафедрасының 2-курс магистранттары кафедра лабораториясында 14 күндік ғылыми-зерттеу тәжірибесінен өткен болатын. Осы орайда кафедра лабораториясын студенттерге қажетті жабдықтарға толтырып, білікті маман болуға деген құлшыныстарын арттырып, тәжірибе  барысында жетекшілік жасап жүрген кафедра меңгерушісі Мадина Есімханқызы мен меңгерушінің ғылыми-инновациялық мәселелері жөніндегі орынбасары Меруерт Жұмабекқызының қосқан үлестері үлкен.

            «Бизнес талдау және Big Data » мамандығының 2-курс магистранттары Туганбай Айгерім,Тоқтасын Аяулым, Тұрғынбек Саят тәжірибе кезінде ESP32 контроллерімен LoRa сигналдар арқылы байланыс орнатып көрді. LoRa-бұл радио толқындарын модуляциялау әдісін қолданатын сымсыз деректерді беру технологиясы. LoRa бүкіл әлемде қол жетімді лицензияланбаған жиіліктерді қолданады. Мұнда жиі қолданылатын жиіліктер:

 

·       Еуропа үшін 868 МГц

·       Солтүстік Америка үшін 915 МГц

·       Азия үшін 433.

Әдеттегі LoRa желісі 4 бөліктен тұрады: құрылғылар, шлюздер, желілік сервер, қосымшалар.

          Тәжірибе жасауға қажетті құрал-жабдықтар:

·       ESP 32 LoRa (2 дана)

·       USB micro – B Cable (2 дана)

·       Ноутбук

Орындалатын қадамдар:

1.                           https://www.arduino.cc  сілтемесі бойынша өтіп, Arduino  Genuino платформасын жүктейміз.

2. «Инструменты» → «Плата: “Arduino Uno”» → « Менеджер плат...»  нұсқауларын орындағаннан кейін ашылған терезеге «MKR WAN» деп жазып пакеттерді орнатамыз

3. Осыдан кейін, құрал-жабдықтар тақтасынан порттарды тауып, кабельді  ESP 32 LoRa-ға жалғаймыз.

4.  Жіберуші/қабылдаушыға арналған кодты енгізіп, тексеріске жібереміз.

5. Нәтижені бақылаймыз.

1– сурет. ESP 32 LoRa платформа арқылы байланысының көрінісі

    2– сурет. LoRa желісі арқылы байланыстын көрінісі

          Жұмыс нәтижесінде 2 контроллер арасында желі арқылы байланыс орнайды. Жіберушіден қабылдаушыға хабарлама кетіп отырады.Бұл жүйенің артықшылығы  - өте алыс арақашықтыққа дейін байланыс ала алуында. Осылайша, автоматтандыру құрылғыларының жүрегі саналатын контроллерлер бір-бірімен тілдесті. Алдағы уақытта бұдан да күрделі тәжірибелер жүргізілетін болады.



Бөлісу: