бір бағыт...

бір бағыт...
жеке
блог

Сәлеметсіздер ме, Массагет оқырмандары?! Мен мына блогқа не жазамын деп көп ойландым,өйткені бір бағыт ұстану керек болатын және ол бағытты таптым деп ойлаймын. Менің атам маған оқып берген кітаптардан басқа өзім жеке оқыған алғашқы кітабым Әзілхан ағамыздың "Махаббат қызық мол жылдар"ы болатын, сондағы Меңтай ме Ерболдың ерекше адал махаббаттары мені өмірдегі ең ғажайып бір сезімнің бірі "Махаббат" екенін ұқтырды. Сондықтан, осы тақырыпта жазамын деп шештім, сонымен қатар өзім білген пайдалы заттармен бөлісіп, жаңа дүниелерді танытуға тырысамын. бұл блогымды оқып, өзіне керегін алар бір оқырманым болар деп үміттенемін. Өйткені оқырманы жоқ жазушы жетім, меніңше)