Сен келерсің бір күні...
Сен келерсің... Қыстың ғажап таңында, Жаздың салқын кешінде..
Мен жүрген жолдардан жүресің... Мен кезетін көшелерден кезесің.. Мен отырған орындықта ұзақ-ұзақ отырасың. Соңында менің үйімнің қарама-қарсысыннда тұрасың.. Телефонды алып хабарлама жазасың, қайта өшіресің. Қоңырау шаласың, маған қоңырау жетпеден бұрын өшіресің тағыда..
Күтесің... Бірақ мен жоқпын..
Сен жүрген әр көшені, сенімен бірге жүруге, Сен отырған саябақтарда сенімен бірге кітап оқуға, қыстың таңында ыстық шәйіммен бөлісуге, жаздың салқын кешінде күннің батысын қарсы алуға дайын едім...
Бірақ..
Сен "кетемін" сөзін айтпағанда...