Қазақ қыздарының (бәрі емес) көшедегі кейпіне көңілім толмайды. Бұрынғы бұрымды қыздарымыз қайда кеткен??? Ұзын етек көйлек киген қыздар кайда жүр екен???
Тілеген Әли бауырымыздың мынау өлеңі қазақ қыздарын сәл болса да толғандырса екен деймін...
Мынау неге кербездей керіледі,
Сәлем берсең, алуға ерінеді.
Көкірегін осынша көтерердей,
Сайқал заман сайтаны не біледі?
Кербез көркі мұнымды маздатты ғой,
Айтайыншы ол жайлы аздап бір ой.
Анау төсі, құдай-ау, көйлегінің
Сыртына шығып кете жаздапты ғой.
Кездестік-ау көңілдің келтесінде,
Сайтан ару сырымды шертесіңбе?
Мұрынында сырғасы, бұрымы жоқ,
Бір-ақ қарыс шашы тұр желкесінде.
Сақталмай тұр қазақтын ғұрпы бүгін,
Кімге ұқсарын білмедім бұл түрінің.
Бір-ақ қарыс тырнағы саусагының,
Бір-ақ қарыс өлшемі кірпігінің.
Көмейімнен шықса да кекірігім,
Кімге керек, тыңдаусыз жетім үнім?
Суық қару секілді сескендірді,
Бір-ақ қарыс өкшесі етігінің.
Ол перісі шайтандар мекенінің,
Айта берсем бойында жетеді мін.
Бәрінен де жанымды қинаганы,
Бір-ақ қарыс екені етегінін.
Айнал қалқам, арыңның қорғанына
Залал тиіп кетпесін зор бағына.
Керіле ғой, кербезім, шалқая ғой,
Тек еңкейіп қоймасаң болғаны да...
Өлеңнің авторы: Тілеген Әли
p.s. суреттің блогка қатысы жоқ(интернеттен алынған).